Түркіменстанда жұрттың спутник антенналарын бұзып алып тастау науқаны жүріп жатыр. Бұл жаңалық емес, ел астанасы Ашғабад пен оның маңайындағы елді мекендерде бұл жұмыстар бірнеше жылдан бері жасалып келеді. Бірақ енді билік аймақтардағы антенналарды алып тастауға да кірісті.