Өзбекстанның 78 жастағы президенті Ислам Каримов ауруханаға түсті. Ол бұл елді 1989 жылдан бері басқарып келеді. (Сюжет - орыс тілінде)
Өзбекстан президенті Ислам Каримов мұны 30 маусым күні Сурхандария облысы Термез ауданында дихандармен кездесуінде айтты.
Ресейде үкіметті интернетте сынағаны (пост жазғаны) үшін жұртты соққыға жығып, қорқыту оқиғалары көбейді. Кремль бұл елдегі интернет бостандығын шектеп отыр.
Түркіменстанда жұрттың спутник антенналарын бұзып алып тастау науқаны жүріп жатыр. Бұл жаңалық емес, ел астанасы Ашғабад пен оның маңайындағы елді мекендерде бұл жұмыстар бірнеше жылдан бері жасалып келеді. Бірақ енді билік аймақтардағы антенналарды алып тастауға да кірісті.
Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның бесінші көркем фильмі прокатқа шықты. Ол «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталады.
Қазақстан прокуратурасы Азаттыққа берген ресми жауабында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, вице-премьер Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің "Паманагейт" дауына ілігуіне қатысты тексеру жүргізбейтінін мәлімдеді.
25 жыл бұрын Өзбекстанның Жоғарғы кеңесінде Ислам Каримовты сынап, 2012 жылы "экономикалық қылмысы" үшін сотталған бұрынғы депутат Шухрат Нусратов түрмеден мерзімінен бұрын босатылды.
Тәжікстанның Фархор ауданындағы қышлақта тұратын 62 жастағы ақын мадақ өлеңдері үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сыйлықтар алған.
Наурызда өтетін мәжіліс сайлауына алты партия қатысады. Азаттық тілшісі бұл саяси партиялардың басшылары негізінен «Нұр Отанның» бұрынғы мүшелері екенін анықтады.
Ресейлік тарихшы әрі саясаттанушы Андрей Зубов Қазақстан парламенті советтік үлгіден қалай арыла алатыны жайлы ойларымен бөлісті.
Парламент сайлауына түсіп жатқан «Ауыл» партиясының жетекшісі Әли Бектаев Қазақстан президентіне өлең арнаған ақындығымен ерекшеленеді.
ЕО Беларуське адам құқықтары мен демократия талаптарын бұзғаны үшін салған санкцияларының біразын алып тастап, Минскімен ынтымақтастық жобасын әзірледі. Бұл Беларусь авторитарлық режимін онан сайын еркінсітеді деп уайымдайтындар бар.
Тағы