Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта бір полицей «қорыққанынан пистолеттің шүріппесін басып, оқ атылып кеткенін» айтты. Ал прокурор айыпталушының сұрағына наразы болып, «Әй, шықшы бері!» деп айғайлады.
Сәуірдің 4-і күні Еуропарламент депутаты Пол Мёрфиге Қазақстанға келуге сыртқы істер министрлігі виза беруден бас тартқан. Бұл туралы Еуропарламенттің солшылдар фракциясының www.guengl.eu сайтында хабарлама жарияланды.
Жаңаөзен сотына қатысып отырған қоғам белсенділері жәбірленуші ретінде сұралып жатқан полицейлердің жауаптарында қарама-қайшы жайттар көп екенін айтады. Полицейлердің оқ атуына қатысты сұрақ қойылған кезде айыпталушылардың бірі талып қалған.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотта заңды тұлғалар өкілдері «арыздан бас тартатын өкілеттері жоқ екенін» айтты. Адвокаттардың бірі Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевті және жәбірленуші ретінде танылған 33 полицейдің бәрін сотқа шақырту туралы өтініш беретінін хабарлады.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотта жәбірленушілерді сұрау жалғасып жатыр. Сотқа қатысып отырған қоғамдық комиссия өкілдері жәбірленушілердің «айыпталушыларды кінәлау» мен «өтемақыдан бас тарту» мәселесінде шатасып қалатындығын айтады.
Ақтауда төрт күннен бері Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Сотқа келген жәбірленушілердің көбі айыпталушыларға байланысты шағымдары жоқ екенін айтты.
Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Наурыздың 29-ы күні болған үшінші отырыста ондаған жәбірленуші тыңдалды. Олардың басым бөлігі шығынды айыпталушы мұнайшылардан емес, мемлекеттен талап ететіндерін айтқан.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотқа жәбірленуші ретінде қатысып отырған кәсіпкер Бибатпа Жалғасбаева Азаттық радиосына берген сұхбатында мемлекет ұсынып отырған өтемақыдан бас тартпайтынын айтты.
Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта жүрген журналистер мен қоғамдық комиссия өкілдерінің айтуынша, наурыздың 28-і күні болған екінші сот процесінде айыптау қорытындылары оқылып, әрбір айыпталушының «қанша сома көлемінде шығын келтіргені» айтылған. Прокурорлар «жаппай тәртіпсіздіктің сегіз ұйымдастырушысын» атаған.
Наурыздың 27-сі күні Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында Жаңаөзен оқиғасы бойынша алғашқы сот процесі өтті. Сотқа келген халықтың біразы сот залдарына сыймай, сыртта күтіп тұрды.
Бүгін жоғарғы сот өкілі Оксана Петерс Астанада Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтетін қылмыстық істі таныстыру үшін брифинг өткізді. Былтырғы желтоқсан айында Жаңаөзен мен Шетпеде болған толқуға қатысты сот ертең, наурыздың 27-сі, Ақтау қаласында басталады.