Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта бүркеншік атпен жауап берген екі куәгер өздерін көпке жария етіп, сотта берген жауаптарынан бас тартты. Олар өздеріне қысым жасалғанын мәлімдеген.
«Жаңаөзен ісі» бойынша айыпталушылар Ерлан Ермұханов пен Бейсенгелді Абдурахмановтың қорғаушысы Мұхтар Әлібиев куәгерлердің бірі бүркеншік есімі мен берген жауаптарынан бас тартқанын айтады. Видеоны «Жаңаөзен-2011» комитетінің мүшесі Ерлан Қалиев ұсынды. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Жаңаөзен сотында аноним куәгерлер сұрала бастады. Айыпталушылардың адвокаты «бүркеншік ат қолданатындай бұл қауіпті іс емес» дейді. Ал Шетпе сотында айыпталушылар тергеуде зорлық көргендерін тағы да айтты.
Қоғамдық комиссия өкілдері Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтауда өтіп жатқан сотта заң бұзылғанын айтып, сотты тоқтатуды талап етті. Бұл талапты Human Rights Watch ұйымы да айтты.
Шетпе оқиғасына байланысты өтіп жатқан сотта айыпталушы екі азамат өз адвокаттарын шақыруды тағы да талап етті. Айыпталушылардың көпшілігі тергеу кезінде зорлық-зомбылық көргендерін айтты.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта, сәуірдің 19-ы күні түске дейін айыпталушылар тыңдалды. Түстен кейін куәгерлер сұралды.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша «Полицейлер соты» жақындап қалса да, оқиға кезінде жараланған айыпталушыларға жәбірленуші статусы берілген жоқ» дейді «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі. Айыпталушылар алдын-ала тергеу кезінде қысымға ұшырағанын айтып жатыр.
Жаңаөзен сотында бір айыпталушы қазақ тілін білмейтінін, «бірақ аудармашы болмағандықтан қазақша жазылған дайын жауапқа қол қоя салғанын» айтты, екі айыпталушы полицейлердің ұрып-соққанын мәлімдеді. Шетпе оқиғасына орай өткен сотта үш жәбірленуші талаптарынан бас тартты.
Жаңаөзен сотының сәуірдің 16-сы күнгі отырысында судья түске дейін айыпталушы Роза Төлеутаевадан жауап алды. Оған «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы» ретінде айып тағылған. Алматыда бір топ азаматтық қоғам белсенділері сотты тоқтатып, қайта қарауға шақырды.
Сотта «әрі тергеуші, әрі жәбірленуші» атанған полицей Нұржан Жандарбековтің тағы бір айыпталушыны тергегені белгілі болды. Ал судья ол айыпталушыны қамау туралы шешімді заңсыз деп тапқанымен, босатпады
Жаңаөзен ісінде «әрі тергеуші, әрі жәбірленуші болған полицейдің» жүргізген тергеулерін жарамсыз деп тану туралы адвокаттың төртінші өтініші қабылданбады. Айыпталушылардың бірі «өздерін ұрып-соққан» сегіз полицейдің аты-жөнін атаған.
Тағы