Чехия астанасы Прагада екі жылдан бері Chess Queen деп аталатын шахмат мектебі жұмыс істейді. Оның негізін қалаған – Жазира Сұраубай есімді қазақстандық бойжеткен. Мектептегі бапкерлер де – қазақ жастары.
Үкіметтің арнайы сайтында жарияланған көліктің утилизация алымына қарсы петиция 50 мыңнан астам азаматтың қолын жинап, тиісті мемлекеттік органның қарауына түсті. Оны қарастыратын жұмыс тобы құрылып, оның отырысына петиция авторлары шақырылып, жиынның форматы, жоспары көп дауға негіз болды.
Ол – Қарақалпақстанның егемендігі үшін күресіп, Өзбекстан түрмесінде отырған түркімен. Құқық қорғау ұйымдары оны "саяси тұтқын" деп атаған. Сәуірде Науаи түрмесіндегі жалғызкісілік камераға ауыстырылғалы оның денсаулығы нашарлаған дейді әкесі. Әңгіме 38 жастағы Жұмасапар Дәдебаев жайында.
Қазақстан компанияларына салынған санкциялар үшінші елдерден Ресейдің қорғаныс саласына келетін көмекті азайта ала ма? Санкцияның енгізілуі, жалпы бақылаудың күшеюі Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Қазақстан санкция режиміне бағынып, сонымен бірге Ресеймен сауда қатынасын сақтауда қаншалық сәтті әрекет етіп жатыр? Осы мәселелерді саяси экономика бойынша PhD Қайрат Молдашевпен талқыладық.
5 маусымда дауысқа салынатын конституцияға өзгеріс демократияға бастай ма? «Суперпрезиденттік» жүйе шынымен ауысып, билік тармақтарының арасында тепе-теңдік орнай ма? Әкімдерді мәслихат сайлайды деген рас па? «Демократия сабақтарында» елдің көкейіндегі осы және өзге сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Қазақстан билігі қаңтар көтерілісі кезінде "шетелде дайындалған террористерге" кінә артып, ҰҚШҰ күшін кіргізді, елде "терроризм" бабымен іс қозғалып, көп адамға айып тағылды. "Террор" деген не, қаңтардағы оқиға неге террорға ұқсамайды? АҚШ ұлттық әскери колледжі профессоры Мария Омеличевамен сұхбат.
Ресей сарапшылары «Ұлы Тұран» туралы неге қауіппен айта бастады? Қазақстан билігі Жаңаөзен оқиғасынан қандай сабақ алды? Жаңаөзеннің көп құпиясына қатысты сұрақтарға кім жауап береді? Батыс басылымдары бұл аптада осы сауалдарға жауап іздеді.
Қазақстан президенті Брюссельге неге барды? Түркі мемлекеттерінің ұйымы Орталық Азияға не береді? Криптомайнинг фермалары Қазақстан энергетика жүйесінің осалдығын әшкереледі ме? Шетел басылымдарының көзіне түскен кей тақырыптар – осылар.
Кремль түркі мемлекеттерінің бірігуінен сескене ме? "Түркі әлемі" мен "орыс әлемінің" қайсысы күшті? АҚШ-тағы былтырғы президент сайлауынан соң басталған қос партия арасындағы текетірестің Қазақстан тумасы Сәуле Омароваға қандай қатысы бар? Батыс ақпарат құралдары осы сұрақтарға жауап іздейді.
Осы аптада халықаралық басылымдар сегіз жыл бұрын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың әйелін Италиядан Қазақстанға депортациялауға қатысқан италиялықтардың соты туралы жазды. Бұған қоса, ақпарат құралдары жасөспірімдер арасында суицидтің күрт артқанына да тоқталды.
Батыс басылымдарының жазуынша Ресейде басталған «қазақ ұлтшылдығына» қатысты ақпараттық науқан әлі тоқтайтын түрі жоқ. Ал Қазақстан латын қарпін енгізуде ерекше сақтық танытып отыр. Есесіне Ресей Еуразия одағы аясындағы интеграцияға өзі жиі тосқауыл қоя бастады.
"Пандора құжаттары" экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қатысты жаңа дерек жариялады. Қазақстанда инфляцияның шарықтауына бірнеше себеп бар. Шыңжаңдағы мұсылмандарды азаптауға қатыстым деген азамат CNN-ге сұхбат берді.
Ядролық энергетикадағы қауіпсіздік пен мықты азаматтық қоғам арасында қандай байланыс бар? Үкімет «Сбермен» меморандум бойынша көктемде берген уәдесін неге орындамады? Билік әлеуметтік желі компанияларын цензураға қалай көндірмек? Бұл аптада халықаралық басылымдар осы мәселелерді талқыға салды.
"Қазақ ұлтшылдығы" – Ресей пропагандасы ойлап тапқан тақырып па? Ауғанстанда "Талибан" жеңісінен соң державалар Орталық Азия үшін таласты бастады ма? Қазақстан сияқты автократиялық елде еркін экономика қалыптастыру мүмкін бе? Бұл аптада халықаралық басылымдар осы сұрақтарға жауап іздеді.
Осы аптада шетел басылымдары Нұр-Сұлтан ауған мәселесі бойынша Кремльге жалтақтап отырғанын жазды және атом электр станциясын салу арқылы Ресей басқа елдерге ықпалын жүргізіп отырады деген тұжырым жасады.
Осы аптада шетел басылымдары Қазақстандағы "қазақ ұлтшылдығы", "орыстардың үдере көшуі" және Қытайдың "қазақ ұлтшылдарын" өзіне қаратуы туралы жазды. Бұған қоса басылымдар Орталық Азияда Өзбекстан көшбасшы елге айналар күн жақын деп болжады.
Тағы