Accessibility links

Сирия мен Иракта қанша қазақстандық қамауда отыр?

Сирияда соғысып жүрген, түрлері Орталық Азия елдері өкілдеріне ұқсас адамдар. (Facebook әлеуметтік желісіндегі сурет.)
Сирияда соғысып жүрген, түрлері Орталық Азия елдері өкілдеріне ұқсас адамдар. (Facebook әлеуметтік желісіндегі сурет.)

ҰҚК Сириядағы соғыста қанша Қазақстан азаматының қаза тапқаны туралы дерекпен бөлісті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Азаттыққа берген ресми жауабындағы дерек бойынша, Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге жуық Қазақстан азаматы кеткен. Олардың көбі – балалар.

- Шілдедегі жағдай бойынша, Сирия мен Ирактағы халықаралық террористік ұйымдарда қазақстандық 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 кәмелетке толмаған бала бар, - деп жазылған ҰҚК жауабында.

ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛІНЕ ОРАЛДЫ?

Астана Ирак пен Сириядағы соғыста барлығы қанша қазақстандықтың қаза тапқанын білмейді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тек Сириядағы халықаралық террористік ұйымдар жағында соғысқан 260-тан астам қазақстандықтың қаза болғаны туралы мәлімет бар.

ҰҚК дерегі бойынша, қарулы қақтығысқа заңсыз қатысқаны үшін Сирияда 60-қа жуық, Иракта шамамен 20 Қазақстан азаматы қамауда отыр.

Астана қазір құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірігіп, ұрыс аймақтарына кеткен қазақстандықтарды елге қайтару үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

ҰҚК дерегінше, Сириядағы әскери қақтығыс басталғалы 112 қазақстандық (61 ер және 51 әйел) елге қайтарылған. Ал бұдан бөлек халықаралық террористік ұйымдардың лагерьлері мен базаларынан Қазақстанға қайтарылды делінген балалардың саны - 81.

Daily Mail басылымы жариялаған "Сириядағы жиһадшы қазақ балалар" туралы ИМ видеосының скриншоты.
Daily Mail басылымы жариялаған "Сириядағы жиһадшы қазақ балалар" туралы ИМ видеосының скриншоты.

Ал биыл наурызда ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Астанадағы журналистерге арналған жиында Сириядан 125 қазақстандықтың оралғанын, 57 адам қамауда отырғанын, қалғандарының бақылауда екенін айтқан.

ҰҚК соғыс аймақтарынан қайтып келген адамдарды оңалту шараларын жүзеге асырып жатқанын да мәлімдеді. Бұл шаралар үшін Қазақстанда оңалту орталықтары ашылған.

"ӘЛІ СИРИЯДА ЖҮР"

Өткен аптада Ақтөбе тұрғыны Нұрагүл Қайырбекова Азаттыққа ағасы Руслан Ермағамбетовтің Сирияға кеткенін айтып, биліктен жақынын елге қайтаруға жәрдем сұраған.

Ақтөбе тұрғыны Руслан Ермағамбетов. Сурет отбасы мұрағатынан алынды.
Ақтөбе тұрғыны Руслан Ермағамбетов. Сурет отбасы мұрағатынан алынды.

​ҰҚК Азаттыққа берген жауабында ақтөбелік Руслан Ермағамбетовтің Сирияға кеткенін растап, ДАИШ ("Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы" деп те аталады) сапында соғысқа қатысқанын мәлімдеді.

- Ермағамбетов 2018 жылы ақпанда ұзақ уақыттан бері алғаш рет хабарласып, Қазақстанға қайтқысы келетінін айтып, көмек сұраған. Ол халықаралық террористік ұйым қатарына алданып барғанын түсіндіріп, өкінген. Қазіргі уақытта ол әлі де Сирияда жүр, - деп жазылған ҰҚК Азаттыққа берген ресми жауабында.

Оқи отырыңыз: "Сирияға кеткеніне қатты өкінеді"

Қазақстан азаматтарының Сирия мен Иракқа кеткені туралы алғаш рет 2013 жылы айтыла бастаған. Осы жылы күзде Ирак пен Сириядағы қарулы жанжалға исламшыл радикалдар жағында қатысуға Қазақстаннан барған "150 жихадшы" туралы видео тараған еді. Азаттық тілшілері журналистік зерттеулер жүргізіп, видеодағы кейбір адамдардың аты-жөнін анықтаған.

Кейін Таяу Шығыстағы соғыс аймағында жүріп қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат да жиілеген. Олардың кейбірінің артында бала-шағасы қалған. Қазақстаннан Сирия мен Иракқа кеткен балаларын қайтару мақсатымен ата-аналар комитеті де құрылған. Кей ата-ана тіпті Сирияға баласын іздеп барғанымен, оларды елге қайтуға көндіре алмай оралғаны туралы Азаттық кезінде жазған.

Оқи отырыңыз: Жезқазғанның "жихадшылары" кімдер?

Бір жыл бұрын, яғни 2017 жылдың шілдесінде Түркияның Ішкі істер министрлігі «Кітап» деп аталатын баяндама жариялап, 1941 Қазақстан азаматының Түркия арқылы Сирияға өтпек болғанын хабарлаған. Стамбул жариялаған баяндамада Қазақстан азаматтары қақтығыс аймағына кіруге жиі талпынатын 10 ел қатарында аталған.

Өткен жылы қарашада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Орал қаласының тұрғыны - 1988 жылы туған әйел мен оның төрт баласы Сириядағы соғыс аймағынан Шешенстан астанасы Грозныйға арнайы рейспен бір топ адаммен бірге жеткізілгені туралы хабарлаған.

Қазақстан 2015 жылы күзде ДАИШ ұйымын "террористік топ" деп таныған.

Сириядағы «қазақ жиһадшылары»

2013 жылы 15 қазанда YouTube-те «Сирияға жиһад жасауға барған 150 қазақ» туралы ұзақтығы 20 минуттық бейнематериал жарияланды. Онда өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін хижра қылғандар (қоныс аударғандар - ред.)» деп сипаттайтын, қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін ересек ер адамдармен бірге ондаған бала да көрсетіледі. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қазақстандық қолданушылар арасында қызу талқыланды.
1/16 2013 жылы 15 қазанда YouTube-те «Сирияға жиһад жасауға барған 150 қазақ» туралы ұзақтығы 20 минуттық бейнематериал жарияланды. Онда өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін хижра қылғандар (қоныс аударғандар - ред.)» деп сипаттайтын, қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін ересек ер адамдармен бірге ондаған бала да көрсетіледі. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қазақстандық қолданушылар арасында қызу талқыланды.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Ол видеода көрсетілген балалардың кішілері әлі еңбектеп жүр, жеті-сегіз жас шамасындағы ересектері дауыстап Құран сүрелерін оқып отыр. Биіктігі бір метрден астам тас не балшық дуал ішінде отырған жас балалардың арасында үш-төрт жастан асқан кішкентай қыздардың бәріне қара түсті хижаб кигізіп, кейбірінің бетін көзі ғана көрінетіндей етіп бүркеп қойған. Видеода бойжеткен қыздар мен әйел адамдар мүлдем көрінбейді. Ұл балалардың етпеттеп, қол күштерін шынықтырып жаттығу жасап жатқан сәті де көрсетілген.
2/16 Ол видеода көрсетілген балалардың кішілері әлі еңбектеп жүр, жеті-сегіз жас шамасындағы ересектері дауыстап Құран сүрелерін оқып отыр. Биіктігі бір метрден астам тас не балшық дуал ішінде отырған жас балалардың арасында үш-төрт жастан асқан кішкентай қыздардың бәріне қара түсті хижаб кигізіп, кейбірінің бетін көзі ғана көрінетіндей етіп бүркеп қойған. Видеода бойжеткен қыздар мен әйел адамдар мүлдем көрінбейді. Ұл балалардың етпеттеп, қол күштерін шынықтырып жаттығу жасап жатқан сәті де көрсетілген.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков "Сирияға жиһадқа барған 150 қазақстандық" туралы видеоны "әлдекімдердің үгіті" деп атады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі видеода көрсетілген адамдар "Қазақстан азаматтары екенін растайтын не жоққа шығаратын мәлімет министрлікте жоқ" екенін мәлімдеді. Қазақстан дін істері агенттігінің өкілі Сақтаған Сәдуақасов  видеоны сараптап жатқандарын айтумен шектелді.
3/16 Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков "Сирияға жиһадқа барған 150 қазақстандық" туралы видеоны "әлдекімдердің үгіті" деп атады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі видеода көрсетілген адамдар "Қазақстан азаматтары екенін растайтын не жоққа шығаратын мәлімет министрлікте жоқ" екенін мәлімдеді. Қазақстан дін істері агенттігінің өкілі Сақтаған Сәдуақасов  видеоны сараптап жатқандарын айтумен шектелді.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Бірақ Азаттық тілшілері Қарағанды облысынан бұған дейін бірнеше азаматтың «жиһад жасау үшін» Сирияға аттанғанын анықтады. «Сириядағы қазақ жиһадшылары» жайлы видеодағы қару асынған адамдардың бірі - Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғыны 27 жастағы Аманжол Жансеңгіров екенін туыстары мен жерлестері таныды.
4/16 Бірақ Азаттық тілшілері Қарағанды облысынан бұған дейін бірнеше азаматтың «жиһад жасау үшін» Сирияға аттанғанын анықтады. «Сириядағы қазақ жиһадшылары» жайлы видеодағы қару асынған адамдардың бірі - Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғыны 27 жастағы Аманжол Жансеңгіров екенін туыстары мен жерлестері таныды.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Видеода аты-жөні Әбу-Хафиз әл-Казақи деп көрсетілген Аманжол Жансеңгіров 1986 жылы Қостанай облысында туған. Кейін Жаңсеңгіровтар отбасы Ақмола облысына көшіп келген. Аманжол  – үйдегі бес баланың екіншісі.

5/16 Видеода аты-жөні Әбу-Хафиз әл-Казақи деп көрсетілген Аманжол Жансеңгіров 1986 жылы Қостанай облысында туған. Кейін Жаңсеңгіровтар отбасы Ақмола облысына көшіп келген. Аманжол  – үйдегі бес баланың екіншісі.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Туыстарының айтуынша, Аманжол жарты жыл бұрын үй-ішіне Түркиядан хабарласып, аман-есен екендерін, ұлды болғандарын айтқан. Аманжолдың әкесі Алпамыс Жансеңгіров (суретте) осыдан 9 жыл бұрын дінге бет бұрған ұлының неге осындай жағдайға тап болғанын түсіне алмайтынын айтып, "оны біреулер пайдаланып отыр" деп, көзіне жас алды. Жансеңгіровтер отбасы Аманжолды Сириядан Қазақстанға қайтаруды сұрап, сыртқы істер министрлігіне өтініш айтты.
6/16 Туыстарының айтуынша, Аманжол жарты жыл бұрын үй-ішіне Түркиядан хабарласып, аман-есен екендерін, ұлды болғандарын айтқан. Аманжолдың әкесі Алпамыс Жансеңгіров (суретте) осыдан 9 жыл бұрын дінге бет бұрған ұлының неге осындай жағдайға тап болғанын түсіне алмайтынын айтып, "оны біреулер пайдаланып отыр" деп, көзіне жас алды. Жансеңгіровтер отбасы Аманжолды Сириядан Қазақстанға қайтаруды сұрап, сыртқы істер министрлігіне өтініш айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Журналистік зерттеу жүргізген Азаттық тілшілері «Сириядағы жиһадшы топ» ретінде видеоға түскен адамдардың тағы бірі – 1981 жылы туған жезқазғандық Мақсат Аймаханов болуы мүмкін екенін анықтады (суретте қызыл шеңбер ішінде).

7/16 Журналистік зерттеу жүргізген Азаттық тілшілері «Сириядағы жиһадшы топ» ретінде видеоға түскен адамдардың тағы бірі – 1981 жылы туған жезқазғандық Мақсат Аймаханов болуы мүмкін екенін анықтады (суретте қызыл шеңбер ішінде).

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Азаттық тілшісі Жезқазған қаласында жолықтырған жергілікті тұрғын Есмұрат Аймаханов видеода Нұх Әл-Қазақи деп таныстырылған адам өзінің ұлы Мақсат Аймаханова екенін  растап, баласының бұрын түскен суретін көрсетті.
8/16 Азаттық тілшісі Жезқазған қаласында жолықтырған жергілікті тұрғын Есмұрат Аймаханов видеода Нұх Әл-Қазақи деп таныстырылған адам өзінің ұлы Мақсат Аймаханова екенін  растап, баласының бұрын түскен суретін көрсетті.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Есмұрат Аймаханов (суретте) Азаттыққа төрт ұлының екіншісі Мақсаттың соңғы жылдары такси жүргізушісі ретінде күн көргенін айтып берді. Үйлі-баранды, үш қызы бар Мақсат банк арқылы несиеге алған пәтерінің ақшасын жабу үшін табысы мол жұмыс қарастырып жүрген. 2012 жылдың жазынан бастап діне бет бұрып, намаз оқи бастаған. Биылғы қаңтар айының басында астындағы екі көлігін сатып, отбасын қалдырып, жалғыз өзі сапарға кеткен. Есмұрат Аймаханов видео шығардан бірнеше күн бұрын Мақсат телефон шалып, үй-ішімен сөйлескенін айтты. «Трубканың ар жағынан жылап тұрғанын естідім. Меніңше, ұлым әлдекімдерге алданып қалған» деді ол Азаттыққа.
9/16 Есмұрат Аймаханов (суретте) Азаттыққа төрт ұлының екіншісі Мақсаттың соңғы жылдары такси жүргізушісі ретінде күн көргенін айтып берді. Үйлі-баранды, үш қызы бар Мақсат банк арқылы несиеге алған пәтерінің ақшасын жабу үшін табысы мол жұмыс қарастырып жүрген. 2012 жылдың жазынан бастап діне бет бұрып, намаз оқи бастаған. Биылғы қаңтар айының басында астындағы екі көлігін сатып, отбасын қалдырып, жалғыз өзі сапарға кеткен. Есмұрат Аймаханов видео шығардан бірнеше күн бұрын Мақсат телефон шалып, үй-ішімен сөйлескенін айтты. «Трубканың ар жағынан жылап тұрғанын естідім. Меніңше, ұлым әлдекімдерге алданып қалған» деді ол Азаттыққа.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Жезқазған тұрғындары «Сирияға кеткендердің» ішінде жерлестері - ағайынды Еркебұлан, Еркемұрат (жасыл шеңберде) және Жасұлан Сәрсенбектер (қызыл шеңберде) бар екенін Азаттық тілшісіне айтты.
10/16 Жезқазған тұрғындары «Сирияға кеткендердің» ішінде жерлестері - ағайынды Еркебұлан, Еркемұрат (жасыл шеңберде) және Жасұлан Сәрсенбектер (қызыл шеңберде) бар екенін Азаттық тілшісіне айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Журналистік зерттеу жасап жүрген Азаттық тілшісімен сөйлескен жезқазғандық жастар Теймур Балакишиев есімді жерлестерін де «Сирияға жиһадқа кеткендердің» бірі деп атады. Азаттық тілшісімен әңгімеде Теймурдың анасы ұлының «Сирияға емес, Египетке оқуға кеткенін» айтты. Интернеттегі «Мой мир» әлеуметтік желісінде «1994 жылы туған, Жезқазғандағы 13-мектепте оқыған» Теймур Балакишиев (суретте оң жақта) есімді қолданушының балдаққа сүйеніп, бір жолдасымен құшақтасып, «Лә иләһә иллә аллаһ» («Алладан басқа құдай жоқ») деген жазуы бар қара түсті ту ұстап түскен суреті бар.
11/16 Журналистік зерттеу жасап жүрген Азаттық тілшісімен сөйлескен жезқазғандық жастар Теймур Балакишиев есімді жерлестерін де «Сирияға жиһадқа кеткендердің» бірі деп атады. Азаттық тілшісімен әңгімеде Теймурдың анасы ұлының «Сирияға емес, Египетке оқуға кеткенін» айтты. Интернеттегі «Мой мир» әлеуметтік желісінде «1994 жылы туған, Жезқазғандағы 13-мектепте оқыған» Теймур Балакишиев (суретте оң жақта) есімді қолданушының балдаққа сүйеніп, бір жолдасымен құшақтасып, «Лә иләһә иллә аллаһ» («Алладан басқа құдай жоқ») деген жазуы бар қара түсті ту ұстап түскен суреті бар.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
«Сирияға кеткен қазақтар» туралы хабарлардан соң кейбір адамдар діни көзқарасына сәйкес шетелге кеткен туыстарын қайтаруға жәрдемдесуді сұрап, Азаттық редакциясына телефон арқылы хабарласты. Өзінің толық аты-жөнін атағысы келмеген алматылық Айгүл есімді әйел видеодағы адамдардың арасынан күйеу баласы Кенжебек Ахмадиев пен оның 5 жасар қызын танығанын айтты. Мына суретте құжаттары көрсетілген екі адамды қазақстандық "7-арна" телекомпаниясы "Сирияға кеткендердің бірі Кенжебек Ахмадиев пен қызы" деп сипаттады.
12/16 «Сирияға кеткен қазақтар» туралы хабарлардан соң кейбір адамдар діни көзқарасына сәйкес шетелге кеткен туыстарын қайтаруға жәрдемдесуді сұрап, Азаттық редакциясына телефон арқылы хабарласты. Өзінің толық аты-жөнін атағысы келмеген алматылық Айгүл есімді әйел видеодағы адамдардың арасынан күйеу баласы Кенжебек Ахмадиев пен оның 5 жасар қызын танығанын айтты. Мына суретте құжаттары көрсетілген екі адамды қазақстандық "7-арна" телекомпаниясы "Сирияға кеткендердің бірі Кенжебек Ахмадиев пен қызы" деп сипаттады.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
«Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшы топ» жайлы видеода ересек адамдармен бірге Құран аяттары мен өлең оқыған кішкентай балалар көрсетілген. Сол балалардың екеуін танып қалған жақын туысы Азаттыққа хабарласты. Аты-жөнін жарияламауды өтінген бұл адамның айтуынша, видеодағы балалардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласының тұрғыны Нұрлан Қаматаев пен Мәдина Мырзаханованың сегіз жастағы Дінмұхамед (суретте қызыл шеңбермен оқшаулап көрсеткен ) және алты жастағы Әбілқайыр атты ұлдары бар.
13/16 «Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшы топ» жайлы видеода ересек адамдармен бірге Құран аяттары мен өлең оқыған кішкентай балалар көрсетілген. Сол балалардың екеуін танып қалған жақын туысы Азаттыққа хабарласты. Аты-жөнін жарияламауды өтінген бұл адамның айтуынша, видеодағы балалардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласының тұрғыны Нұрлан Қаматаев пен Мәдина Мырзаханованың сегіз жастағы Дінмұхамед (суретте қызыл шеңбермен оқшаулап көрсеткен ) және алты жастағы Әбілқайыр атты ұлдары бар.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Туысы видеода Құран аяттарын оқып отырған бұл баланы "аты - Әбілқайыр, жасы - алтыда" деп сипаттады. Ол Мәдина Мырзаханованың күйеуі Нұрлан Қаматаевпен бірге жарты жылдай уақыт бұрын "Дубайға емделуге кеткенін" айтты. "Мәдина Мырзаханованың 10 жасар Салтанат есімді үлкен қызы да бірге болуы тиіс" деді туысы. Бірақ видеодағы қыз балалардың көбі оранып алғандықтан туысы олардың арасынан Салтанаттың бар-жоғын тап басып айта алмады.
14/16 Туысы видеода Құран аяттарын оқып отырған бұл баланы "аты - Әбілқайыр, жасы - алтыда" деп сипаттады. Ол Мәдина Мырзаханованың күйеуі Нұрлан Қаматаевпен бірге жарты жылдай уақыт бұрын "Дубайға емделуге кеткенін" айтты. "Мәдина Мырзаханованың 10 жасар Салтанат есімді үлкен қызы да бірге болуы тиіс" деді туысы. Бірақ видеодағы қыз балалардың көбі оранып алғандықтан туысы олардың арасынан Салтанаттың бар-жоғын тап басып айта алмады.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Балалары "Сириядағы қазақстандық жиһадшылар" видеосында жүрген адамдардың - жетісайлық Нұрлан Қаматаев (39 жаста) пен әйелі Мәдина Мырзаханованың (34 жаста) төлқұжаттарының фотокөшірмесі "Мой мир" әлеуметтік желісінде жарияланды. Нұрланның әкесі Орынбасар Қаматаев Азаттық тілшісіне интернеттегі видеодан немерелерін танығанын, бірақ ұлы мен келінін көре алмағанын айтып, "балаларымыз да, немерелеріміз де елге қайтарылса екен" деді.
15/16 Балалары "Сириядағы қазақстандық жиһадшылар" видеосында жүрген адамдардың - жетісайлық Нұрлан Қаматаев (39 жаста) пен әйелі Мәдина Мырзаханованың (34 жаста) төлқұжаттарының фотокөшірмесі "Мой мир" әлеуметтік желісінде жарияланды. Нұрланның әкесі Орынбасар Қаматаев Азаттық тілшісіне интернеттегі видеодан немерелерін танығанын, бірақ ұлы мен келінін көре алмағанын айтып, "балаларымыз да, немерелеріміз де елге қайтарылса екен" деді.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Ол «елде исламдық радикалдық жағдайдың бой көрсетуін ешкім күтпеген таңғаларлық жағдай» болғанын айтты. Суретте: «Сириядағы көтерілісшілер қатарында соғысып жүрген белгісіз азиялықтар».
16/16 Қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Ол «елде исламдық радикалдық жағдайдың бой көрсетуін ешкім күтпеген таңғаларлық жағдай» болғанын айтты. Суретте: «Сириядағы көтерілісшілер қатарында соғысып жүрген белгісіз азиялықтар».
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында «Сириядағы қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді. Азаттық өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін қоныс аударған адамдармыз» деп сипаттайтын ересектер мен балалардың кейбірінің аты-жөнін анықтады.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG