Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинге ресми сапармен барып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Си Цзиньпин "Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін" Назарбаевпен бірге басқаруға дайын екенін айтты. 7 маусым 2018 жыл.
Назарбаевтың Қытайға сапары қалай басталды?
![Си Цзиньпиннің Назарбаевты қарсы алған сәт. ](https://gdb.rferl.org/55FE22F7-F7A7-4F7F-8C1B-C019B49B1E8C_w1024_q10_s.jpg)
1
Си Цзиньпиннің Назарбаевты қарсы алған сәт.
![Назарбаев Си Цзиньпинді Компартия төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтап, "Қытай арманын" жүзеге асыру ісінде Компартия рөлінің артқанын айтты.](https://gdb.rferl.org/0DBEC9D2-383A-48A2-A6AF-15DE52F066BB_w1024_q10_s.jpg)
2
Назарбаев Си Цзиньпинді Компартия төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтап, "Қытай арманын" жүзеге асыру ісінде Компартия рөлінің артқанын айтты.
![Назарбаевтың айтуынша, екі ел басшылары 2012 жылдан бері 18 кездесу өткізіп, 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 құжатқа қол қойған.](https://gdb.rferl.org/744CB688-06CB-4ACA-AB6A-84A36300A5F7_w1024_q10_s.jpg)
3
Назарбаевтың айтуынша, екі ел басшылары 2012 жылдан бері 18 кездесу өткізіп, 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 құжатқа қол қойған.
![Си Цзиньпин Назарбаевқа "Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін" деді. ](https://gdb.rferl.org/E78DD4CB-3129-41FF-9750-68F4D9DA166A_w1024_q10_s.jpg)
4
Си Цзиньпин Назарбаевқа "Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін" деді.
![Назарбаевтың сөзінше, 2017 жылы Астана мен Пекиннің өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтаған. ](https://gdb.rferl.org/21F8D110-EF2D-4C7A-811E-D9C7F63791CE_w1024_q10_s.jpg)
5
Назарбаевтың сөзінше, 2017 жылы Астана мен Пекиннің өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтаған.
![Назарбаев 9-10 маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне де қатыспақ.](https://gdb.rferl.org/E53333BD-5FC9-495B-9CA5-93D8C69439C9_w1024_q10_s.jpg)
6
Назарбаев 9-10 маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне де қатыспақ.
![Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесу барысында бірнеше құжатқа қол қойды. ](https://gdb.rferl.org/B451A6C9-7A6C-40DF-A1F6-6989CD6D20F1_w1024_q10_s.jpg)
7
Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесу барысында бірнеше құжатқа қол қойды.
![Назарбаев Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановпен бірге отыр. Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесу кезінде Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қысым туралы сөйлескен я сөйлеспегені белгісіз. Бұл туралы Ақорда сайтындағы хабарламада айтылмаған. ](https://gdb.rferl.org/FA4A6D52-08A7-4868-889A-7F4DD0637809_w1024_q10_s.jpg)
8
Назарбаев Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановпен бірге отыр. Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесу кезінде Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қысым туралы сөйлескен я сөйлеспегені белгісіз. Бұл туралы Ақорда сайтындағы хабарламада айтылмаған.
![Назарбаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен де кездесті. ](https://gdb.rferl.org/C48A9DE1-719E-45FA-8BED-D84D30E888E8_w1024_q10_s.jpg)
9
Назарбаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен де кездесті.
ПІКІРЛЕР