26 наурызда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пекинде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен. Бұл сапар 28 наурызда хабарланды.
Ким Чен Ынның Қытайға сапары
1
Ким Чен Ын Пекинге 26 наурыз күні Си Цзиньпиннің шақыруымен барған.
2
26 наурызда Ким Чен Ынның брондалған пойызы Пекинге барғаны туралы хабарланды. Бірақ ол пойызбен Ким Чен Ынның, я Солтүстік Корея билігіндегі басқа адамның келгені белгісіз болған еді.
3
Ким Чен Ын мен әйелі Ри Соль Чжу Пекинде Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездескен сәт.
4
Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин.
5
Ким Чен Ын Пекинде сөз сөйлеп тұрған сәт. 27 наурыз 2018 жыл.
6
Қытайлық Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Қытай басшысына АҚШ-пен диалог орнатуға, президент Дональд Трамппен кездесуге және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға дайын екенін айтқан.
7
Ақ үйдің мәлімдеуінше, Қытай басшылығы 27 наурызда Вашингтонды Солтүстік Корея басшысының сапары туралы хабардар еткен.
8
Ким Чен Ын Пекинге сапары Оңтүстік Кореядағы негізгі тақырыпқа айналды.
9
Ким Чен Ын мен Ри Соль Чжу Пекиннен кетіп бара жатқан сәт.