Башқұртстан астанасы Уфа қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және БРИКС-ке (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы) мүше елдер басшыларының саммиті аяқталды. Биыл осы екі ұйымға да Ресей төрағалық етеді. Ресми деректер бойынша, оған дайындыққа үш жылда 10 миллиард рубльден аса қаржы (қазіргі бағаммен 180 миллион доллар шамасында) жұмсалған. Оппозициялық БАҚ шала істелген құрылыс және жөндеу жұмыстары мен қаржының мақсатсыз жұмсалғаны жайлы жазды. Блогерлер ақауға толы және шалағай істердің дәлелі ретінде фотосуреттер жариялады. Саммит кезінде қалада жолдар жабылып, полиция тексеруі мезі ететіндігінен қауіптенген кейбір тұрғындар жиын аяқталғанша қаладан кете тұруды ұйғарған.
Уфа саммиті
![Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне келген қонақтарды қарсы алып тұр. 8 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/93c2bb79-51ec-402e-b0b4-5a486153b2c6_w1024_q10_s.jpg)
1
Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне келген қонақтарды қарсы алып тұр. 8 шілде 2015 жыл.
![Уфадағы көзден таса етіп бүркелген "потемкиндік деревнялар".](https://gdb.rferl.org/1a2b0eb6-2f5b-418e-aa20-ad3dc1c61ec5_w1024_q10_s.jpg)
2
Уфадағы көзден таса етіп бүркелген "потемкиндік деревнялар".
![Уфаны «сәулеттендіру» барысында сүрілген қаладағы ескі көпес үйі. Мамыр, 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/687d5ceb-2244-437c-aa0e-d7139a4bfe4c_w1024_q10_s.jpg)
3
Уфаны «сәулеттендіру» барысында сүрілген қаладағы ескі көпес үйі. Мамыр, 2015 жыл.
![ШЫҰ және БРИКС саммиттері қарсаңында Уфадан үйсіз жандарды мәжбүрлі түрде депортациялады.](https://gdb.rferl.org/b480ad47-9305-4391-9b0a-cf31bcf0de50_w1024_q10_s.jpg)
4
ШЫҰ және БРИКС саммиттері қарсаңында Уфадан үйсіз жандарды мәжбүрлі түрде депортациялады.
![Уфада ШЫҰ және БРИКС саммиттері кезінде 10 мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.](https://gdb.rferl.org/33617ece-d2b7-4c67-a2be-e429cb79eb49_w1024_q10_s.jpg)
5
Уфада ШЫҰ және БРИКС саммиттері кезінде 10 мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
![Иран президенті Хассан Роуханиді қарсы алу салтанаты. 8 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/3f6b8ae4-2c2d-49f3-b416-89c53bdbc8ae_w1024_q10_s.jpg)
6
Иран президенті Хассан Роуханиді қарсы алу салтанаты. 8 шілде 2015 жыл.
![Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) Оңтүстік Африка республикасы президенті Джейкоб Зуманы қарсы алып тұр. 8 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/48030e4d-6ad2-4250-9049-5fc13068c488_w1024_q10_s.jpg)
8
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) Оңтүстік Африка республикасы президенті Джейкоб Зуманы қарсы алып тұр. 8 шілде 2015 жыл.
![Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. 8 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/e432f449-74f0-406c-80c9-d5813e917f13_w1024_q10_s.jpg)
9
Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. 8 шілде 2015 жыл.
![Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. 8 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/ccfc11ea-65cb-4c8a-bcad-5110e9464d2e_w1024_q10_s.jpg)
10
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. 8 шілде 2015 жыл.
![Ресей президенті Владимир Путин БРИКС саммитінің ресми бөлімі басталар алдында. 9 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/f3add1c9-8cda-4bb1-a29a-98c69c16ed69_w1024_q10_s.jpg)
12
Ресей президенті Владимир Путин БРИКС саммитінің ресми бөлімі басталар алдында. 9 шілде 2015 жыл.
![ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысушы мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері өткен Уфаның Конгресс-холлы.](https://gdb.rferl.org/9d562494-8c4e-4a8a-bf45-b18d1161f437_w1024_q10_s.jpg)
13
ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысушы мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері өткен Уфаның Конгресс-холлы.
![Иран президенті Хасан Роухани (сол жақтан екінші) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан үшінші), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақ шетте) Уфадағы саммитте. 9 шілде 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/6de6ecee-92fb-4e74-b955-ecd8b048ccc0_w1024_q10_s.jpg)
14
Иран президенті Хасан Роухани (сол жақтан екінші) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан үшінші), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақ шетте) Уфадағы саммитте. 9 шілде 2015 жыл.