Қытай коммунистік партиясы орталық комитеті ел конституциясына түзету енгізіп, ҚХР төрағасы мен оның орынбасары қызметіне қатысты мерзімдік шектеуді алып тастады. Бұл түзету Қытай елінің қазіргі басшысы Си Цзиньпиннің билікте шексіз мерзімге қалуына мүмкіндік береді. Елде Си Цзиньпиннің суреті басылған бильбордтар, газет-журналдар, кітаптар және сувинерлер көбейген.
Си Цзиньпин культі
![Пекин көшесіндегі Си Цзиньпиннің портреті. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы ел президенті Си Цзиньпиннің билікте отыру мерзімін шектейтін бапты өзгертті. 11 наурызда Пекиндегі жиында үш мыңға жуық делегаттың екеуі қарсы дауыс берген, тағы үш адам қалыс қалған. Қалғандары қолдады. ](https://gdb.rferl.org/dc950916-6ae9-480e-a882-e8fb687c62ad_w1024_q10_s.jpg)
1
Пекин көшесіндегі Си Цзиньпиннің портреті. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы ел президенті Си Цзиньпиннің билікте отыру мерзімін шектейтін бапты өзгертті. 11 наурызда Пекиндегі жиында үш мыңға жуық делегаттың екеуі қарсы дауыс берген, тағы үш адам қалыс қалған. Қалғандары қолдады.
![Си Цзиньпин енді Қытайды өмірінің соңына дейін басқаруға мүмкіндігі бар. ](https://gdb.rferl.org/f799687b-8853-42f9-a902-c60d6c7edb35_w1024_q10_s.jpg)
2
Си Цзиньпин енді Қытайды өмірінің соңына дейін басқаруға мүмкіндігі бар.
![Пекин көшелеріндегі Си Цзиньпиннің суреті басылған бильборд.](https://gdb.rferl.org/5f29cba1-cf62-48ee-88e3-df8944938593_w1024_q10_s.jpg)
3
Пекин көшелеріндегі Си Цзиньпиннің суреті басылған бильборд.
![Бұған дейін конституцияда Қытай төрағасы қызметіне бір адамның екі мерзімнен артық сайлануына шектеу қойылып келген. Мұндай ереже заңға 1982 жылы Қытайдың сол кездегі басшысы Дэн Сяопиннің бастамасы бойынша енгізілген. ](https://gdb.rferl.org/f30365f3-ef25-4d4e-b2cf-4c07cc144f70_w1024_q10_s.jpg)
4
Бұған дейін конституцияда Қытай төрағасы қызметіне бір адамның екі мерзімнен артық сайлануына шектеу қойылып келген. Мұндай ереже заңға 1982 жылы Қытайдың сол кездегі басшысы Дэн Сяопиннің бастамасы бойынша енгізілген.
![Қытай Халық республикасы құрылған 1949 жылдан бастап 1976 жылы қайтыс болғанға дейін елді үздіксіз басқарған Мао Цзэдуннің тұсындағыдай өмірлік диктатура қайталанбасы үшін билік жүйесіне әлгіндей өзгеріс енгізілген еді.](https://gdb.rferl.org/ddda6307-5296-411d-bfa6-6cd9bbec56a4_w1024_q10_s.jpg)
5
Қытай Халық республикасы құрылған 1949 жылдан бастап 1976 жылы қайтыс болғанға дейін елді үздіксіз басқарған Мао Цзэдуннің тұсындағыдай өмірлік диктатура қайталанбасы үшін билік жүйесіне әлгіндей өзгеріс енгізілген еді.
![Си Цзиньпиннің суреті басылған журнал ұстап тұрған монах. ](https://gdb.rferl.org/a2ba836d-2933-43c7-bc11-4dc14c76bebf_w1024_q10_s.jpg)
6
Си Цзиньпиннің суреті басылған журнал ұстап тұрған монах.
![Си Цзиньпиннің постері сатылымда.](https://gdb.rferl.org/cc535cb7-fba2-4a97-861d-cded55fd4900_w1024_q10_s.jpg)
7
Си Цзиньпиннің постері сатылымда.
![ Пекин көшесінде ілініп тұрған Си Цзиньпиннің айтқан сөздері мен ұрандары басылған плакаттар. ](https://gdb.rferl.org/2eb3751a-a0a8-4956-a92e-9c9df50f4bd4_w1024_q10_s.jpg)
8
Пекин көшесінде ілініп тұрған Си Цзиньпиннің айтқан сөздері мен ұрандары басылған плакаттар.
![Қытай коммунистік партиясын басқарғандардың суреті басылған сувинерлер. ](https://gdb.rferl.org/775574af-f76d-4081-b44e-66e2f6896749_w1024_q10_s.jpg)
9
Қытай коммунистік партиясын басқарғандардың суреті басылған сувинерлер.
![Си Цзиньпиннің суреті басылған сувинерлер. ](https://gdb.rferl.org/2cb5103b-cfd7-4120-8de2-9e74dbdc98cf_w1024_q10_s.jpg)
10
Си Цзиньпиннің суреті басылған сувинерлер.