Биылғы туристік маусым басталмай жатып елдегі ірі саяхат компанияларының бірі Travelsystem-нің жабылатыны туралы хабарланды. Компания мәлімдемесінде: "Бұл еріксіз қабылданған шешім, соңғы екі аптада ешқандай сатылым болмады, өйткені компанияның тұрақтылығы мен өтімділігін жоққа шығаратын алып-қашпа сөз тарады" деп жазады.
Қазақстанның туристік агенттіктері ассоциациясының өкілі Денис Кривошеев Travelsystem компаниясының жолдамасымен шетелге саяхатқа шыққан жүздеген қазақстандықты түскен қонақ үйлері шығарып тастауы мүмкін деп хабарлады. Әлі демалысқа аттанбаған клиенттер де осындай қиындыққа ұшырамақ.
Travelsystem — дағдарысқа ұшыраған бірінші компания емес. «Гульнар Тур» компаниясы банкротқа ұшырағалы бері оның жетекшісіне былтырдан бері іздеу жарияланған.
Оқырмандар Денис Кривошеевке сауалдарын Азаттықтың орыс тіліндегі вебсайтының форумына мына сілтеме арқылы өтіп, ережеге сай түрде тіке қоя алады.