Қанат Тасыбековпен онлайн-конференция қазақ тілін өздігінен үйренудің практикасы мен оның әртүрлі әдіс-тәсілдері, тілдік ортаның мәдениеті туралы мәселелерге арналды.
Осы бағытта әртүрлі ұсыныстарын білдіріп жүрген Қанат Тасыбеков - өзінің тіл үйрену тәжірибесінен алынған, екі бөлімнен тұратын «Ситуативный казахский» кітабының авторы.
Ол «Ситуативный казахский. Мир казахов» деген алғашқы кітабында үйлену тойы, жерлеу рәсімі сияқты дәстүрлі шаралар кезінде айтылатын мыңға жуық сөз тіркестерін үйренуді ұсынады. Ал «Ситуативный казахский. Диалоги» деген екінші кітабында ұлттық мәселелер, «қазақы ислам», Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына мүшелігі, Астана және Алматы қалалары сияқты тақырыптарға құрылған ауызекі диалогтарды пайдаланған.
Қанат Тасыбеков 1988 жылы Мәскеуде жылқы шаруашылығы саласында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1998 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бургунд (Франция) университетінің докторантурасын тәмамдаған.
Бизнес саласында жұмыс істеген Қанат Тасыбеков қазір жазушылықпен айналысады.
Онлайн-конференцияның видеосы: