Accessibility links

Интернетке аудио-видео жүктеу тәртібі қатайды


Интернет пайдаланушы. 27 наурыз 2009 жыл.
Интернет пайдаланушы. 27 наурыз 2009 жыл.

Енді интернетке түрлі аудио-видео материалдарды заңсыз салып, таратқан сайт басшылары жауапқа тартылады. Бірақ заңды «өз ыңғайына қарай пайдаланып кететіндер табылады» деген күдік те жоқ емес.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаңтардың 31-інде күшіне енді.

«АЛДЫМЕН - ЕСКЕРТУ, ОДАН КЕЙІН - АЙЫППҰЛ»

Ол заң бойынша, интернетке аудио-видео туындыларды заңсыз таратқан тұтынушыларға айыппұл салынады.

Бұл туралы ақпанның 9-ында Қазақстан әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқы комитеті төрағасының орынбасары Шолпан Әбдіреева хабарлады.

Оның айтуынша, туындыларды авторының рұқсатынсыз интернетке салған тұтынушыларға алдымен ескерту жасалады.

- Жағдай тағы қайталанатын болса, жеке тұлғалар 10-15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал заңды тұлғалар 100-150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып төлеуге міндеттеледі, - дейді Шолпан Әбдіреева.

ҮШ АМАЛ

Парламент депутаты Мұрат Әбеновтің пікірінше, Қазақстанда интернетті дамыту үшін авторлық құқықты қорғайтын осы заң өте қажет және бұл заңның төңірегінде
Парламент депутаты Мұрат Әбенов интернет-сайттардың құқықтық мәртебесі туралы қоғамдық тыңдауда. Алматы, 31 наурыз 2011 жыл.
Парламент депутаты Мұрат Әбенов интернет-сайттардың құқықтық мәртебесі туралы қоғамдық тыңдауда. Алматы, 31 наурыз 2011 жыл.
шығып жатқан дау - орынсыз. Өйткені бұл заң «қарапайым тұтынушылардың құқығын шектемейді» дейді депутат.

- Авторлық құқықты кез-келген адам немесе мемлекет қорғамайды. Әр туындының авторы өз құқын қорғауы тиіс. Мәселен, автор өз туындысын басқа жерде көрсе және оған қарсы болса, ол сайтқа шағымданады. Ал егер өз туындысының интернет арқылы таралуын дұрыс деп тапса, онда ешнәрсе болмайды, - дейді депутат Мұрат Әбенов.

Оның сөзінше, күшіне енген заң бойынша автордың келісімінсіз туындыны жариялаған сайт иелері үш жолды таңдауы қажет.

- Алдымен сайт иелеріне ескертпе жасалады. Ескертпеден кейін де туындыны сайттан алып тастамаса, онда сол сайтты сотқа береді. Онда бірінші кезекте сайтқа айыппұл салынып, туындыны алып тастау талап етіледі. Егер сайт ескертпеден кейін де, айыппұлдан кейін де туындыны алып тастамаса, тағы да сотқа беріп, сот арқылы сайттың жұмысы тоқтатылады, - дейді Мұрат Әбенов.

«ПЫСЫҚАЙЛАРДАН» АРЫЛУ

Қазақстан интернет-қауымдастығының вице-президенті Александр Ляховтың пікірінше, Қазнет бұл заңның арқасында интернеттен аудио мен бейне туындыларды тегін көшіріп алатын «пысықайлардан» тазарады. Осы заңға байланысты «Қазнет өлді!» дейтіндердің сөзі - асыра сілтеушілік» дейді ол.

- Егер Қазнетті ұрланған контенттерден құрылған оншақты ғана сайт деп білсек, онда Қазнет өлді. Ал егер Қазнет өз контенттерін дамытып, жұмыс істеп жатқан 10 мыңға жуық әртүрлі сайттардан тұратын болса, онда керісінше оларға мүмкіндік көбейеді, - дейді Александр Ляхов.
Үш таңдау бар: лицензиясыз контенттен тазарады, басқа доменге көшіп кетеді немесе жұмысын тоқтатады.
Ол да қазіргі даудың орынсыз екендігін айтады.

- Қазіргі таңда сайттарда үш таңдау бар. Алғашқысы - лицензиясыз контенттерден тазару. Туынды авторларымен жаңа келісімге отырып, жаңаша жұмыс істеу. Екіншісі - әлі де «қарақшыларға» оң қабақ танытып отырған елдердің домендік аймақтары немесе хостингтеріне көшіп кету. Соңғысы - жұмысын мүлдем тоқтату, - дейді Қазақстан интернет-қауымдастығының вице-президенті Александр Ляхов.

«ЕСКЕРТУ ЖАСАУҒА ДА БОЛАДЫ, БІРДЕН ЖАЗАЛАУҒА ДА БОЛАДЫ»

Баспасөз бостандығын бақылайтын «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калееваның пікірінше, бұл заңның мақсаты - дұрыс. Бірақ ол осы заңның орындалуына қатысты алаңдайтынын айтты.

- Заң тек зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғауға бағытталған болса, онда қорқынышты ешнәрсе жоқ. Бірақ оны қолдануда асыра сілтеушілік
Тамара Калеева, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
Тамара Калеева, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
болады деген қауіп бар. Себебі заңға ресми түсініктеме болмайынша, оның қолданылуы әрқалай, тіпті субьективті болып кетуі мүмкін, - дейді Тамара Калеева.

Оның сөзінше, «заң авторларының көздегені - бір басқа, ал соттар оны өздерінше түсінуі мүмкін».

- Себебі заң өте көлемді әрі абстрактілі. Ол заң бойынша, алдымен ескерту жасауға да болады немесе ешнәрсе айтпай-ақ бірден жазалай салуға да болады, - дейді Тамара Калеева.
XS
SM
MD
LG