Accessibility links

Ресейде диссиденттік веб-мәдениет дамып келеді


Владимир Путинді қолдау жиыны. Әлеуметтік желілерде тараған сурет-коллаж
Владимир Путинді қолдау жиыны. Әлеуметтік желілерде тараған сурет-коллаж

Ресейде алдағы наурыз айында өтетін президент сайлауына премьер-министр Владимир Путиннің түсуіне қарсы шыққан кейбір қоғамдық және шығармашыл топтар интернет арқылы таралатын диссиденттік жаңа мәдениет қалыптастыра бастады.


Теле және радиохабар тарату ісі мемлекеттің қарамағында қалғандықтан оппозиция белсенділері үшін интернет - саяси көзқарасын жариялайтын жалғыз платформаға айналды. Ақпанның 4-іне жоспарланған үкіметке қарсы шерулердің қарсаңында әлеуметтік желілер арқылы таралған "визуалдық өнер туындылары" күрт көбейді.

Анимациялық кейіпкерлер мен цифрлық өлшемдегі образдар Ресейдегі авторитаризм тарихын жан-жақты сипаттап береді. Онлайн және оффлайн азаматтық белсенділік бірін-бірі үздіксіз шабыттандырып, әрі нәрлендіріп тұратын егіз салаға айналды.

Мысалы, интернетте пайда болған саяси ұрандар мен әзілдер лезде демонстранттардың плакаттары мен транспаренттеріне көшеді, оны смартфонға түсіріп алған жұрт жүзеге асқан іс-шараны қайта интернетке енгізеді. Мұндай шығармашылықтың кейбір қызық нұсқаларын төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз.

"4 НАУРЫЗ - АМПУТАЦИЯ ЖАСАЙТЫН КҮН"



"ЛЕГО" САЯСАТКЕРЛЕР

Ойыншық "Лего" кейіпкерлеріне шынайы саясаткерлердің дауысын таңу арқылы жасалған мына видео да назардан тыс қалмады.




"2132 ЖЫЛҒЫ САЙЛАУ: ӘЛІ-АҚ РЕСЕЙДІҢ ЕҢСЕСІН ТІКТЕЙМІН"

Келесі суретте Ресейдің премьер-министрі Владимир Путиннің карикатурасы бейнеленген.







ПУТИН МАВЗОЛЕЙІ

Төмендегі коллаж да Ресейдегі Владимир Путинге қатысты кейбір топтардың саяси көзқарасынан хабар беріп тұр.





"ТИТАНИККЕ" ТЕҢЕУ

YouTube желісінде кең тараған тағы бір видеода Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің президенттік билікке қайта оралуға тырысуы "Титаникті" су түбіне кетірген трагедия сияқты сипатталады.


XS
SM
MD
LG