Accessibility links

Жұмысқа жасы мен жынысына қарай қабылдау әлі бар


Жаңақорған кентінің шаштаразы. Қызылорда облысы, 18 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Жаңақорған кентінің шаштаразы. Қызылорда облысы, 18 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан прокуратурасы жұмысқа алудың талаптары ретінде адамның жасы мен жынысын көрсеткен төрт сайттағы хабарландыруды заңсыз деп таныды. Олардың айтуынша, мұндай дискриминация көп кездеседі.

Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны Жанна Алмағамбетова Мәскеудегі тоқыма училищесін бітірген. Қызылордада тоқыма фабрикасы жоқ болғандықтан, Жанна туған қаласында мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған. Қазір Жанна Алмағамбетова жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.

"Мамандығым бойынша жұмыс табу өте қиын, жұмыспен қамту орталығы аула сыпырушының орнынан басқа жұмыс тауып бере алмады. 18 мың теңге айлық үшін бірнеше ауланы сыпырып, тазалап жүргеніме талай жыл болды. Кейде байлардың үйін жуып, тазалаймын немесе үйлену тойларында ыдыс жуу сияқты жұмыстар шығып қалады" дейді Жанна Алмағамбетова Азаттық тілшісіне.

Соңғы кезде азаматтық белсенділер жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруларға мониторинг жүргізе бастады. Олар мұндай хабарландыруларда жасы мен гендерлік белгісіне қарай кемсітушілік көп кездесетініне алаңдайды, әрі «билік прокуратураның қырына іліккен әлгі төрт сайттан басқалардың да қызметіне назар аударуы тиіс» деп санайды.

18 мың теңге айлық үшін бірнеше ауланы сыпырып, тазалап жүргеніме талай жыл болды.

Халықаралық құқық қорғау орталығының заңгері, әрі медиаторы Сегізбай Ержігіттің Азаттық тілшісіне айтуынша, дамушы ел болып саналатын Қазақстан адам құқығын қорғаудағы халықаралық тәжірибені енді ғана үйреніп келеді.

"Жаһандану жағдайындағы өзгерістерге байланысты зейнет жасындағы жандар шеттеп қалды. Адамды «сүзгіден өткізу» дұрыс емес, бұл - егде адамдардың құқығын бұзу. Мен адамдарды сұрыптамай, жасы мен жынысына қарамай жұмысқа қабылдауды қолдаймын" дейді құқық қорғаушы.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯ

Ал еңбек нарығында жұмыс берушілердің әрекеті құқық қорғаушылардың ұсыныс-талаптарымен көбіне сай келмейді. Вакансия туралы сайттардың бірінің басшысы Александрдың (өтініші бойынша аты-жөні толық көрсетілмеді) айтуынша, кез келген жұмыс беруші жұмысқа алар кезде қызметкердің жынысы мен жасын сұрайтындықтан, хабарландыруда жынысы мен жасын көрсету қажет. Александрдың пікірінше, жұмыс берушінің де, жұмыс іздеушінің де уақытын текке алмай, жұмыс іздеушінің жеке басына қатысты деректерді көрсеткен жөн.

Артық ақша, артық уақыт жұмсап керегі не? Ал жынысы мен жасы көрсетілсе, адам өзінің бұл орынға жарайтынын немесе жарамайтынын біледі.

«Қызметкердің жынысы мен жасы көрсетілген графаны алып тастасаң қиындық басталады. Кейде ұсынылған орынға жас жігітті ғана қабылдайды. Жынысын көрсетпесең де қиындықтар туады. Мысалы, жұмысқа тек қыздарды немесе тек жігіттерді ғана қабылдайтын компаниялар бар» дейді сайт басшысы.

"Бәрін ескеру керек. Артық ақша, артық уақыт жұмсап керегі не? Ал жынысы мен жасы көрсетілсе, адам өзінің бұл орынға жарайтынын немесе жарамайтынын біледі. Нақты адаммен кездесу жұмыс берушіге де ыңғайлы" дейді Александр.

Ол прокуратура ескертуінен кейін редакция қызметкердің жынысы мен жасы көрсетілген бағанды алып тастағанын мойындайды.

ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Қызылордада дүкендер желісі бар, әрі дәмхана мен сауналардың қожайыны, жеке кәсіпкер Саят Қайназаров Азаттық тілшісіне қызметкер іздеген кезде жынысы мен жасына ешқашан көңіл аудармайтынын айтады.

"Телевизия, газетке үнемі хабарландыру беріп тұрамын. Бірақ қажет қызметкердің жынысы мен жасын көрсетпеймін. Адамды жұмысқа аласың ба, жоқ па - ол сұхбаттан кейін белгілі болады. Адамдардың еңбегін

Қызылорда тұрғыны Жанна Алмағамбетова. 19 маусым 2014 жыл.
Қызылорда тұрғыны Жанна Алмағамбетова. 19 маусым 2014 жыл.

кемсітпеу үшін әлгі екі деректі көрсетпеуді құптаймын. Өз басым жұмысқа алған кезде адамның кәсіби біліктілігіне қараймын, оның ер адам немесе әйел екені, жас немесе кәрі екені мен үшін маңызды емес" дейді Саят Қайназаров.

Ал қызылордалық Жанна Алмағамбетова «жұмыспен қамту агенттіктерінде жасымды үнемі көрсететіндіктен, жұмысқа тұруға кедергі болатын» дейді. Жаннаны көп жерде жасына байланысты жұмысқа алудан бас тартқан.

Заңгер Мұрат Кемелбековтің Азаттық тілшісіне айтуынша, бұл жерде адамды жасы мен гендерлік белгісіне қарап кемсіту белгілері бар. Мұндай жағдайда шенеуніктер мен хабарландыруды жариялаған редакцияның назарын осы жайтқа аударып, мәселені сол жерде шешкен дұрыс. Егер шешілмесе, ресми түрде шағым беру керек.

Мен мемлекетке егде жастағы жандарды жұмысқа алған мекемелерге салықтан жеңілдік жасауға кеңес берер едім.

"Мына жағдайда адамды жынысы мен жасына қарай кемсіту болып отыр. Бұған тыйым салатын заң бұрыннан бар, бірақ қазір оны бұзатын адамдар көбейіп кетті. Жоғарыдағылар байқап, ақыры прокуратура айналыса бастапты. Мен мемлекетке егде жастағы жандарды жұмысқа алған мекемелерге салықтан жеңілдік жасауға кеңес берер едім. Жұрттың бәрі жастарды алып, алдап жұмыс істеткісі келеді" дейді Мұрат Кемелбеков Азаттық тілшісіне.

Қазақстан конституциясының 24-бабына сәйкес, әр азамат еңбек етуге, қызмет пен мамандық түрін, еңбек ету жағдайын таңдауға құқылы. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес, кемсітушілік сипаттағы талаптары бар вакансиялар туралы ақпаратты жариялауға тыйым салынған.

  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

XS
SM
MD
LG