Accessibility links

Ақтөбе облысында терроризм айыбымен алты адам сотталды


Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында алты адам террорлық акт жасауға дайындалған деп танылғандығы жөнінде КТК телекомпаниясы хабарлады. Алайда бұл іске қатысты әзірге сауалдар тым көп.

Аты нақты аталмаған бір ауылдық жердің алты адамы Ақтөбе облысындағы мұнай кәсіпорнын жармақшы болған деп айыпталған.

Үкіметтік КТК телекомпаниясы өзінің 24-ші қыркүйектегі кешкі хабарламасында, олардың жарылыс жасауға қажетті қару-жарағы мен жарылғыш заттары болған деген ақпарат таратты.

Алайда айыптаулардың егжей-тегжейлі мәліметтері айтылмай отыр. Ең алғашқы айтылған ресми пікірлерде сотталғандар туралы лаңкестік пиғылда болған, билік бақылауындағы исламға қарсылық танытқан деген тәрізді айыптар айтылған.

Мұғалжар ауданының пркуроры Бағлан Телеу КТК телеарнасына берген сұхбатында, бұл адамдар ен далада жаттығулар өткізген, алғашқы әскери дайындық пен қару-жарақ құрылымы бойынша әдебиеттерді оқыған деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, прокурор Бағлан Телеу телеарнаға берген сұхбатында, топтағы барлық адамдар мен олардың жетекшілері исламның ваххабизм ағымының мүшелері болып табылады деп айтты.

“Олар имамдар мен әкімдер көзбояушылықпен шынайы жағдайды жасырып отыр деген насихат жүргізген. Бұл адамдар тек қана Құранды құрметтеуге шақырған. Басқа заңдарды олар мойындамаған”.

КТК телеарнасы Мұғалжар ауданының соты барлық алты адамды айыпты деп таныды деген хабар таратып отыр. Топ жетекшісі 17 жылға түрмеге жабылды. Қалғандарына 10 жылдан 13 жылға дейінгі түрме жазасы берілген.

Батыс Қазақстандағы жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, аймақта консервативті бағыттағы мұсылмандық шағын топтар қауымдастықтарын жақтаушылар саны көбейе түскен. Билік оларды салафиттер деп атап, қуғын-сүргінге душар етуде.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Қазақстанның арнайы қызметі көп жағдайда ислам диссиденттеріне қарсы істерді қолдан жасап, әлгіндей азаматтарды террористер атандыру үшін олардың заттарының арасына есірткі мен қару жарақ салып жібереді.

Дәл қазіргі уақытта Батыс Қазақстанның мұсылман қауымдастығынан шыққан жүздеген босқын Чехиядан саяси босқын мәртебесін алуға тырысуда.

Бұл мұсылмандар Қазақстандағы мешіттерде мемлекеттік насихат пен жасырын бақылау орнап тұр дей келе, өздерінің тыныш қана “таза исламға” мінәжат еткісі келетіндіктерін алға тартады.
XS
SM
MD
LG