Accessibility links

Қауіпсіздік күшейтіліп, кей адамдар ұсталған мереке


Алматыда бірнеше адамды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00

Алматыда бірнеше адамды полиция ұстады

Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні тойланатын Астана күніне арналған мерекелік шаралар кезінде биыл қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Алматыда бірнеше адамды полиция ұстап әкеткеніне Азаттық тілшілері куә болды.

Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университеті алдындағы Астана алаңының (Ескі алаң деп те аталады) маңы шілденің 6-сы кешкісін мерекелік концерт алдында темір шарбақпен қоршалып, оны жағалай ондаған полиция қызметкері бақылап тұрды. Концертті тамашалауға келген жұртты полиция сөмкелерін, кейбірінің қалталарын мұқият тексергеннен кейін ғана қоршаудың ішіне кіргізді. Мұндай ерекше тексеру себебін сұраған Азаттық тілшілеріне полиция қызметкерлері жауап бермеді.

Полиция қызметкерлері Астана алаңында ұстаған адамды көлікке салып жатыр. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
Полиция қызметкерлері Астана алаңында ұстаған адамды көлікке салып жатыр. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.

​Азаттық тілшілері Астана алаңынан кемінде бес адамды полицияның ұстап әкеткеніне куә болды. Бірнеше полиция қызметкері алаң маңынан ұстаған ер адамды күштеп көлікке салып, алып кетті. Әлгі адам өзін не үшін ұстағанын түсінбейтінін айтып үлгерді. Көп ұзамай Азаттық журналистері полицияның талабымен құжатын көрсеткен жас жігітті билік өкілдері өздерімен бірге белгісіз жаққа алып кеткенін көрді. Бұдан соң Азаттық тілшілері полицияның тағы бір әйелді, онан кейін және екі жас жігітті ұстағанына да куә болды.

Полиция Астана алаңына келген адамның құжаттарын тексеріп тұр. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.
Полиция Астана алаңына келген адамның құжаттарын тексеріп тұр. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.

Азаттық Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектен кім және не үшін ұсталғаны туралы сұрады. Полиция өкілі сауалды жазбаша жолдауға кеңес беріп, жауап беруден бас тартты. Астана алаңы маңында полиция көлігінде отырған билік өкілдері "ешкімді ұстамағандарын" айтты.

Шілденің 6-сы күні Астанадағы мерекелік концерт былтыр EXPO халықаралық көрмесі өткен қалашық аумағында ұйымдастырылды. Ол жерде де қауіпсіздік шаралары күшейтілген: төңіректе толған полиция қызметкерлері мен қызмет көліктері, сонымен бірге форма киіп жүрген прокуратура өкілдері көзге шалынды. Азаттық тілшілері билік өкілдері ұстап жатқан ешкімді байқамады.

Жұма күні күндіз Астананың ішкі істер департаменті қала тұрғындарын жұманың кешінде "Қазақ елі" монументі аумағында өтетін гала-концертке жас балаларды ертіп бармауға шақырып хабарлама таратқан. Сонымен бірге полиция 16 жасқа толмағандар концерт өтетін орынға кіргізілмейтіні туралы ескерткен.

Фотогалерея. Астана күні полиция алаңдарды бақылауға алды

Дәл осы күні 78 жасқа толған президент Назарбаев еңбек жолын бастаған Қарағанды облысындағы Теміртау қаласындағы тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығы маңындағы мерекелік концерт кезінде де қауіпсіздік шаралары күшейтілгені байқалды. Бұл қалада ұсталған ешкім байқалған жоқ.

Бұған дейін шетелде тұратын экс-банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап жүрген оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов желі арқылы қазақстандықтарды шілденің 6-сы, Астана күні (Қазақстанда бұл ресми мереке президент Назарбаевтың туған күні тойланады) кешке көшеге шығуға шақырған. Әлеуметтік желі арқылы жасаған үндеуінде Әблязов өзі негізін қалаған, Қазақстан соты биыл наурызда "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған тіркелмеген "Қазақстан демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы азаматтарды биліктен "ипотекалық және тұтыну несиелеріне амнистия" жариялауды талап етуге шақыратыны туралы мәлімдеген.

Әблязов бұған дейін де қазақстандықтарды ҚДТ акцияларына шығуға шақырған. Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында "саяси тұтқындарға бостандық" талабымен рұқсат етілмеген шерулерге шыққан ондаған адам ұсталған.

Қазақстанда ондаған адамды полиция ұстады (10 мамыр 2018 ж.):

Полиция наразыларды қалай ұстады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

Маусымның 23-і күні полиция ҚДТ "тегін білім үшін" талабымен акциялар өтетін орындар ретінде белгілеген жерлерден бірнеше адамды ұстап, алып кеткен. Ол күні шерулер өтпеген.

Алматы мен Астанадағы жаппай ұстаулар (23 маусым 2018 ж.):

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00

Полицияның ешбір талап, ұран айтпағанына немесе қолында ешқандай зат болмағанына қарамастан көшеден азаматтарды ұстап әкетуін өткен айдың соңында қазақстандық құқық қорғаушылар айыптаған.

Қазақстанның ішкі істер министріне жазған ашық хатында құқық қорғаушылар мамырдың 10-ы және маусымның 23-і күндері жұртты көшеден жаппай ұстап, полиция бөлімшелеріне апару халықаралық стандарттар мен міндеттемелерге, сонымен бірге ұлттық заңнамаға сай келмейді деп сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG