Accessibility links

Қазақстан билігі неге алаңдайды?


Полиция қызметкерлері көшеде ұстап жатқан адам. Алматы, 23 маусым 2018 жыл.
Полиция қызметкерлері көшеде ұстап жатқан адам. Алматы, 23 маусым 2018 жыл.

Қазақстанның билік жүйесіндегі кез келген адам "президент Нұрсұлтан Назарбаевты халықтың көбі қолдайды" деп ашық айта алады. Бұл - қате де емес. Қазақстан азаматтарының біразы елдің тұңғыш және жалғыз президенті, парламент 2010 жылы "Ұлт көшбасшысы – Елбасы" атағын берген Назарбаевты қолдайды.

Бірақ биліктің кейбір өкілдері президенттің атақ-даңқына өзін "Назарбаев режимінің қарсыласымын" дейтін оппозициялық магнаттан қауіп жоқ дегенге сенбейтін сияқты. Құқық қорғау органдары елде наразылық нышаны байқала қалса, барынша басып, жаныштап тастайды.

Маусымның 23-інде Қазақстанның ірі қалаларында полиция мен құқық қорғау органдары орталық алаңдарды бақылап, түс ауа сонда тұрған және сол маңнан өтіп бара жатқан адамдарды ұстап, автобусқа тиеп, бөлімшелерге әкетті.

Көргеніміз – осы.​

Көре отырыңыз: Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00

Негізінен бұл – полиция мен құқық қорғау органдарының сол күні өтуі мүмкін митингінің алдын алу шарасы. Халықты ереуілге шақырған – Мұхтар Әблязов – "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (Қазақстанда экстремистік деп танылған - ред.) оппозициялық қозғалысының лидері. Бір жылдары елден кетуге мәжбүр болған ол қазір Францияда тұрады.

Мұхтар Әблязов азаматтарды елде тегін білім беру талабымен алаңға шығуға үндеген. Ол адамдардан ұрандатпауды, баннер я плакат сияқты наразы екенін аңдатуы мүмкін қандай да бір зат әкелмеуді сұрап, әдеттегі киіммен келуге шақырған.

Қозғалыстың әлеуметтік желідегі жазбаларын байқаған Қазақстан билігі ықтимал қатысушыларды ұстап әкетіп, ереуілдің алдын алды. Бұл "шарадан" журналистер де шет қалмады. Азаттық радиосының Оралдағы тілшісі Санат Орын Әли маусымның 23-індегі акциядан бұрын ұсталғандардың бірі болды.

Арнаулы киімдегі полицияның бір топ адамды жаппай ұстап, автобусқа күштеп отырғызуы халқы жаппай қолдайтын президент билік ететін елдегі көрініске ұқсамайды.

Полицияның адамдарды автобусқа күштеп отырғызуы халқы жаппай қолдайтын президент билік ететін елдегі көрініске ұқсамайды.

Әблязовтің көздегені де осы еді.

Әблязов пен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" оның өзіне я қозғалысына ешбір қатысы жоқ ереуілге шақырған. Бұл түсінікті де – билік оны "ТұранӘлем Банкінен" он жыл бұрын қаржы жымқырды" деп айыптаған, ал Қазақстан соты наурызда ҚДТ-ны экстремистік ұйым деп таныған.

Әблязов бұған дейін мамырдың 10-ында да митингіге шығуға шақырған еді. Белсенділердің кейбірі елдегі саяси тұтқындарды босату мен азаптауды доғаруды ұрандатып, плакат ұстап тұрды. Ол кезде де полицияның автобусқа күштеп отырғызғанын көргенбіз. Мамырдың 10-ында да, 23-інде де сол маңнан өтіп бара жатқанда ұсталғанын айтқан азаматтар болды.

Көре отырыңыз: Жаппай ұстауға қатысты полицияның жауап бергісі жоқ

Жаппай ұстауға қатысты полицияның жауап бергісі жоқ
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы 2001 жылдың қарашасында құрылған. Бірақ 2002 жылдың наурызында Мұхтар Әблязов ұсталып, біршама уақыт қамауда отырды. Жасаған әрекеті үшін өкінетінін айтқан ол рақымшылықпен босап шыққан. Өкінгені шынайы көрінгені сонша – 2005 жылы ол БТА банктің төрағасы болды. Ал 2009 жылы үкімет БТА банкін мемлекеттің қарамағына алды да, Әблязов пен "миллиардтаған доллар жоғалып кетті".

Содан бері "Қазақстанның демократиялық таңдауы" шағын партия күйінде қалды, ал Әблязов Қазақстанға елден кеткен 2009 жылдан бері келген жоқ. Ұйым Назарбаев пен Қазақстан билігіне аса бір үлкен қауіп төндірмейді. Мұны қауіптен гөрі, биліктің қозғалысқа деген жеккөрініші деуге болады.

Ұйым Назарбаев пен Қазақстан билігіне аса бір үлкен қауіп төндірмейді. Мұны биліктің қозғалысқа деген жеккөрініші деуге болады.

​Бірақ Әблязов үндеген мамыр-маусымдағы ереуілдерге полицияның танытқан реакциясына қарасақ, Қазақстан билігі елде наразылық болғанын мүлдем қаламайтындай көрінеді.

Жұрттың ызасы тасып, 1990 жылдардан бергі елде болған ең ірі наразылыққа айналған жер заңына қарсылық бұрқ ете қалғанда үкімет үрейленіп қалған.

Қазақстан билігі Тәжікстаннан үлгі алатындай – "24 тобы" деп аталатын шағын топ Душанбеде 2014 жылы қазанда бейбіт митингіге шығуға үндегенде Тәжікстан билігі ондаған сайтты бұғаттап, хат алмасу мүмкіндігін тыйып, ешбір наразылықты болдырмау үшін полиция көшені бақылап тұрды.

Осыдан соң Тәжікстан соты "24 тобын" экстремистік ұйым деп таныды. Ал оның лидері Умарали Кувватов елден қашып, ереуілге Мәскеуден үндеп отырды. Ал 2015 жылы наурызда оны Түркияда өлтіріп кетті.

(Блог авторының көзқарасы Азаттық редакциясының ұстанымын білдірмейді. Ағылшыннан аударған - Аян Қалмұрат.)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG