Accessibility links

Сот Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесті


Алматыдағы 10 адам қаза тапқан 18 шілде күнгі шабуылды жасады деп айыпталған Руслан Күлекбаев сот залында отыр. Алматы, 2 қараша 2016 жыл.
Алматыдағы 10 адам қаза тапқан 18 шілде күнгі шабуылды жасады деп айыпталған Руслан Күлекбаев сот залында отыр. Алматы, 2 қараша 2016 жыл.

Биыл жазда Алматының Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, «полицияның 8 қызметкері мен екі тұрғынды өлтірді және үш адамды өлтіруге әрекет жасады» деп айыпталған Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді.

2016 жылы қарашаның 2-сі күні Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық соты судьясы Ербол Болатов Алматының Алмалы ауданы ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шілденің 18-і күні шабуыл жасап, полицияның сегіз қызметкері мен екі тұрғынды атып өлтірді деп айыпталған Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесу, оның дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:24 0:00
Жүктеп алу

Оған адамды бас бостандығынан заңсыз айыру; қарақшылық; бөтеннің көлігін иелену; қару жасау; қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау немесе алып жүру; қаруды жымқыру не қорқытып алу; адам өлтiру; терроризм актісі баптары бойынша айып тағылған болатын.

ҮКІМ

Руслан Күлекбаевқа қылмыстық кодекстің 126-бабымен (2-бөлігі) 5 жылға; 192-бабымен (4-бөлігі ) жеке мүлкі тәркіленіп, 12 жылға; 200-бабымен (4-бөлігі) 10 жылға; 287-бабымен (4-бөлігі) 8 жылға; 288-бабымен (2-бөлігі) 6 жылға; 291-бабымен (4-бөлігі) 12 жылға; 24-бабымен (3-бөлігі) 15 жылға; 99-бабымен (2-бөлігі) жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айырылсын, 255-бабымен (терроризм, 4-бөлігі) жеке мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы тағайындалсын деген үкім шықты. Үкімді оқуды жалғастырған судья Руслан Күлекбаевқа қылмыстық кодекстің 58-бабы бойынша да өлім жазасы тағайындалғанын мәлімдеді.

Үкімде Күлекбаевтан жәбірленушілердің пайдасына 6 миллион теңгеден астам - материалдық зиян, 62 миллион теңгеден астам - моральдық зиян, мемлекет пайдасына 643 мың теңгеден аса қаржы баж салығы ретінде, жиыны 70 миллиондай теңге (207 мың доллар) өндірілетіні айтылды. Бұл шығындарды өз еркімен өтеуге оған бір ай мерзім берілді.

Сотта айғақ зат ретінде алынған 9 көліктің иелеріне, Күлекбаевтан алынған бір автоматты қарудың (Калашников автоматы - ред.) Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне қайтарылатыны, бір шолақ мылтықтың жойылатыны хабарланды. Сотталушыларға 15 күн ішінде апелляциялық шағым беруге құқылы екендері ескертілді. Күлекбаев үкімге ешқандай эмоция, яки реакция білдірмеді.

ВИДЕО: Руслан Күлекбаевтың үкімді естіген сәті

Руслан Күлекбаевтың үкімді естіген сәті
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:48 0:00

БҰРЫНҒЫ СОТ ОТЫРЫСТАРЫ

Күдікті Руслан Күлекбаевтың «аса қауіпті қылмыскер» деп танылуына байланысты Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық соты сот процесін қала шетіндегі СИ-8 тергеу изоляторында (ЛА-155/18 мекемесі) өткізіп, қауіпсіздікті күшейткен еді.

Руслан Күлекбаев осыған дейінгі соттағы сөзінде «қылмысқа пікірлестерін еркіндіктерінен сот заңсыз айырып, жазаға тартқаны себепті» барғанын мәлімдеген. Ол «жасаған ісіне өкінбейтінін, бірақ зардап шеккендердің жан қайғысын түсінетінін, кез келген жазаға дайын екенін» айтқан.

ВИДЕО: Полицияның күдіктіні ұстаған сәті (18 шілде)

Алматыдағы атыс: Полиция бір адамды ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:29 0:00

Руслан Күлекбаевтың қолынан қаза болғандардың туыстары бұған дейінгі сот отырыстарында «Күлекбаевқа ең ауыр жаза тағайындауды» сұраған. Кейбірі «Күлекбаевқа өлім жазасы лайық» деп санайтындарын мәлімдеген.

Прокурор Жарқынбек Бақашбаев та Күлекбаевтың «қылмысы толық дәлелденді» деп мәлімдеп, оған өлім жазасын кесуді сұраған.

Бұған дейінгі Сот отырыстарына Руслан Күлекбаевтың әйелі, онымен бұрын қылмыстық байланыста болды деген күдіктілердің туыстары мен адвокаттары және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысып келді. Алдыңғы сот процестерінде (шілденің 18-і - ред.) Руслан Күлекбаевтың қылмыстық әрекетіне куә болған адамдар мен Күлекбаевты ұстауға қатысқан полиция қызметкерлері куәлік берген еді.

Алматыда 18 шілде болған шабуылда қаза тапқан адамның бірі.
Алматыда 18 шілде болған шабуылда қаза тапқан адамның бірі.

Қазақстан қылмыстық кодексінде аса ауыр қылмыс түрлеріне өлім жазасы қарастырылғанымен, 2003 жылы желтоқсанда қабылданған президент жарлығы бойынша, жазаның бұл түрін қолдануға мораторий жарияланған.

Бірақ 2016 жылы Ақтөбе мен Алматыда жасалған қарулы шабуылдарға жауапкершілікті билік «діни радикалдарға» артқаннан кейін қоғамда өлім жазасына жарияланған мораторийді алып тастау мүмкіндігі туралы талқылаулар өрбіген. Биыл маусымның басында Ақтөбеде жасалған қарулы шабуылдардан соң президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі тиіс» деп мәлімдеген болатын.

ВИДЕО: Назарбаев: Алматыда теракт болды (18 шілде)

Назарбаев: Алматыда теракт болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:01 0:00

​Алматыда шілденің 18-і болған қарулы шабуылға байланысты сот процесі қазанның 17-інде ЛА-155/18 мекемесінде басталған. Шабуыл жасалған күні оған күдікті Руслан Күлекбаев ұсталып, оның үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеуінің 61 томнан тұратын материалдары қазанның 12-сі күні Алматының ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына түскен. Сот процесінің тергеу абақтысында өтуін билік «Күлекбаевтың тасымалдау кезінде қашып кетпеуі үшін жасалған сақтық шарасы» деп түсіндірген.

Алматыда шілденің 18-і күні Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан бірнеше адам қаза тапқан. Шабуылға күдікті ретінде 1990 жылы туған, бұған дейін екі рет сотталған деп сипатталған Руслан Күлекбаев ұсталған.

ВИДЕО: Оққа ұшқандарды ауруханаға жеткізді (18 шілде)

Аурухана маңындағы жұрт
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:47 0:00

Билік бұл шабуылды «теракт» деп атап, сол күні Алматыда «террорлық қауіптің қызыл деңгейі» жарияланған еді. Сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Владимир Жұмаханов шілденің 18-і күні Астанада өткен қауіпсіздік кеңесі отырысында «қылмысқа күдікті Руслан Күлекбаев түрмеде болған кезінде салафилермен жақындасқан» деп мәлімдеген.

КҮЛЕКБАЕВТЫҢ СЫБАЙЛАСТАРЫНЫҢ ҮКІМІ

Биыл қазанның 17-сі күні басталған сот процесінде Руслан Күлекбаевпен бірге «Заңсыз қару-жарақ сақтады» және «Күлекбаевпен бірге кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасады» деген айып тағылған бес күдікті - Роберт Лю, Жасұлан Сапарбеков, Дәурен Әсембекұлы мен Ербол Құсайынов, Нұрсұлтан Әбдімомын сотталды.

Сот үкімі бойынша Роберт Лю (1985 жылы туған, бұрын сотталған) қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы, 288-бабы 1-бөлігі, 287-бабы 4-бөлігімен жеке мүлкі тәркіленіп, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде 9 жыл 6 айға өтеуге; Жасұлан Сапарбеков (1991 жылы туған, бұрын сотталған) 192-баптың 4-бөлігі, 287-баптың 4-бөлігімен жеке мүлкі тәркіленіп, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде 10 жыл 6 айға өтеуге; Ербол Құсайынов (1984 жылы туған, бұрын сотталмаған) пен Әсембекұлы Дәуреннің (1985 жылы туған, бұрын сотталмаған) әрқайсысы 192-баптың 4-бөлігі 2 тармағымен жеке мүлкі тәркіленіп, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде 10 жыл өтеуге кесілді. Нұрсұлтан Әбдімомынға (1985 жылы туған, бұрын сотталмаған) 187-баптың 4-бөлігімен жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында үш жыл өтейтін үкім шықты. Кепілге босатылған ол сот залынан қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG