Accessibility links

"Президентпен ширек ғасыр жұмыс істеген" Мамин және оның командасы

Жаңадан тағайындалған Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мәжіліс отырысында сөйлеп тұр. астана, 25 ақпан 2019 жыл.
Жаңадан тағайындалған Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мәжіліс отырысында сөйлеп тұр. астана, 25 ақпан 2019 жыл.

Ақпанның 25-і күні Қазақстанда жаңа үкімет тағайындалды. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидаттарды депутаттар еш қарсылықсыз қабылдады. Қазақстан үкіметін енді Асқар Мамин басқарады.

Дүйсенбі, 25 ақпан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс жиынына келіп, премьер-министрлікке Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар президент ұсынысын бірауыздан қолдады.

Асқар Мамин кім?

53 жастағы Асқар Мамин бұған дейінгі үкіметте премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бірінші орынбасары болған. Оған дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын басқарды, Астана қаласының әкімі, көлік және инфраструктура министрі қызметтерін атқарған. Мамандығы - инженер-құрылысшы, экономист.

Осыдан кейін Назарбаев "Оның (Асқар Маминнің – ред.) тәжірибесі жеткілікті. Ширек ғасыр менімен бірге жұмыс істеп келеді. Қала әкімі болды, транспорт министрі және премьер-министр орынбасары болды. Оның басқаруымен біраз іс бітті, әсіресе инфраструктура саласында көп жұмыс атқарылды" деді.​

Назарбаев отставкаға кеткен премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты "адал әрі тәжірибелі" деп бағалап, "басқа салада да еңбек ете алады" деді.

Назарбаевтың пайымдауынша, әлеуметтік саладағы министрлердің қателігінен үкімет отставкаға кеткен.

"Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылжуымыз керек" деді Қазақстан басшысы мәжіліс отырысында.

Премьер-министр тағайындалған соң Назарбаевтың жарлығымен бірнеше министрлік қайта құрылды. Қазақстан президенті ақпарат және коммуникациялар министрлігін қоғамдық даму министрлігіне қосты. Енді бұл ведомство "ақпарат және қоғамдық даму министрлігі" деп аталады. Ал қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енді "цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деп аталады.

Кейін бірер сағаттан соң барлық министрлердің тізімі жарияланды. 2016 жылғы желтоқсандағы конституциялық өзгерістерге сай, Назарбаев сыртқы істер министрін, ішкі істер министрін, қорғаныс министрін, әділет министрін өзі тағайындады. Ал қалған министрлердің кандидатурасын мәжіліске ұсынды. Депутаттар президент ұсынған кандидаттарды қолдады.

Сонымен, Қазақстанның жаңа үкіметінің құрамы:​

• Әлихан Смаилов – премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі (бұрынғы үкіметте қаржы министрі болған)
• Жеңіс Қасымбек - премьер-министрдің орынбасары (бұрынғы үкіметте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған)
• Гүлшара Әбдіхалықова - премьер-министрдің орынбасары (бұған дейін мемлекеттік хатшы болған)
• Бердібек Сапарбаев - еңбек және әлеуметтік қорғау министрі (бұған дейін Ақтөбе облысы әкімі болған)
• Руслан Дәленов - ұлттық экономика министрі (бұған дейін қаржы министрінің орынбасары болған)
• Күләш Шәмшидинова - білім және ғылым министрі (бұған дейін "Назарбаев зияткерлік мектептері" ұйымының басқарма төрайымы)
• Сапархан Омаров - ауыл шаруашылығы министрі (мәжілісте аграрлық мәселелер комитетін басқарған)
• Дәурен Абаев - қоғамдық даму және ақпарат министрі (бұрынғы үкіметте ақпарат және коммуникациялар министрі болған)
• Роман Скляр – индустрия және инфраструктуралық даму министрі (бұған дейін индустрия және инфраструктуралық даму министрінің орынбасары болған)
• Арыстанбек Мұхамедиұлы - мәдениет және спорт министрі (қызметінде қалды)
• Қанат Бозымбаев - энергетика министрі (қызметінде қалды)
• Ержан Біртанов - денсаулық министрі (қызметінде қалды)
• Бейбіт Атамқұлов - сыртқы істер министрі (қызметінде қалды)
• Нұрлан Ермекбаев - қорғаныс министрі (қызметінде қалды)
• Ерлан Тұрғымбаев - ішкі істер министрі (қызметінде қалды)
• Марат Бекетаев - әділет министрі (қызметінде қалды)
• Асқар Жұмағалиев - цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (қызметінде қалды).

Астанадағы бес баланың өмірін алған өрттен кейін қоғам сынына ұшыраған Мәдина Әбілқасымова (еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігін басқарған) жаңа үкімет құрамына кірмеді. Білім және ғылым министрі болған Ерлан Сағадиев, қоғамдық даму министрлігін басқарған Дархан Кәлетаев, ұлттық экономика министрі болған Тимур Сүлейменов, ауыл шаруашылығы министрі болған Өмірзақ Шөкеев те жаңа министрлер кабинетіне енбеді.

Ал бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Ерболат Досаев ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды. Ал 2015 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін ұлттық банкті басқарып келген Данияр Ақышев отставкаға кетті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс отырысында премьер-министр кандидатурасын ұсынған сәт. Астана, 25 ақпан 2019 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс отырысында премьер-министр кандидатурасын ұсынған сәт. Астана, 25 ақпан 2019 жыл.

Ақпанның 21-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметін отставкаға жіберген. Назарбаев отставка туралы жарлыққа қол қоймас бұрын арнайы мәлімдеме жасап, Бақытжан Сағынтаев басқарған үкімет жұмысын сынаған. Қазақстан үкіметін 2016 жылдың қыркүйегінен бері Бақытжан Сағынтаев басқарып келген.

Назарбаев мәлімдемесінде: "Көптеген заңдар мен үкіметтің шешімдері қабылданса да, экономикада оң өзгеріс болмады, мақсаттар орындалмады. Ішкі жалпы өнім тек шикізат есебінен өсіп жатыр. Үкімет пен ұлттық банк экономиканың өсуіне жағдай жасай алмады. Мемлекеттік бағдарламалар орындалғанымен негізгі бағыттар бойынша нақты нәтижеге қол жетпеді. Жұмыс орындары аз құрылып жатыр. Әсіресе, ауылдарда жұмыс орындары аз. Шағын және орта бизнес өскен жоқ. Шағын және орта бизнесті дамыту әкімдер мен министрлердің негізгі міндеті болған еді" деген.

Назарбаев "әлеуметтік, инфраструктура және денсаулық, білім саласын дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанымен, жүйелі жұмыс жасалмағанын" айтқан.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті халықтың табысы өспегенін, азық-түлікке кететін шығынның көбейгенін айта келе: "Бұл үкіметтің, министрлер мен әкімдердің халықпен жұмыс істей алмайтынын, халықтың мәселесін тыңдай алмайтынын көрсетеді. Менің ойымша, үкімет отставкаға кетуі керек. Жаңа үкімет халықтың жағдайын көтеріп, экономиканы дамытуы үшін нақты қадамдар жасауы тиіс" деген.

Қазақстан президентінің пайымдауынша, Сағынтаев үкіметі бюджет қаржысын дұрыс пайдаланбаған.

30 қаңтарда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті сынап, "қорқаққа" теңеген. Бірақ жиын соңында үкімет жұмысын жалғастыра беретінін айтқан. Жиында үкіметтің жұмыс қорытындысы туралы баяндаманы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев емес, оның орынбасары Ерболат Досаев жасады. Былтыр мұндай баяндаманы Сағынтаевтың өзі жасаған.

Соңғы екі-үш аптада Қазақстанда көп балалы аналардың наразылығы күшейген. Олар биліктен әлеуметтік жағдайды жақсартып, баспана мәселесін шешуді талап еткен. Аналар наразылығы 4 ақпанда бір отбасының бес баласы опат болған Астанадағы өрттен кейін басталған.

Қазақстан үкіметін басқарғандар

Сергей Терещенко тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі (16 қазан 1991 жыл - 14 қазан 1994 жыл) болды. Оның тұсында Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында нарықтық реформалар басталып, колхоздар мен совхоздар таратылып, жаңадан фермерлік және ұсақ шаруа қожалықтары құрыла бастады. Инфляция бұрын-соңды болмаған шарықтау шегіне жетті. Биліктен кеткен соң Терещенко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктестерінің бірі болып қала берді. 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлауда кандидат Назарбаевты қолдау штабын басқарды. Сайлаудан соң осы штабтың негізінде құрылған "Отан" партиясы кейін "Нұр Отан" партиясы болып атауын өзгертті.

Сергей Терещенко қазір Қазақстанның бірнеше облысында ауыл шаруашылық жері бар кәсіпорынды басқарады.
1/10 Сергей Терещенко тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі (16 қазан 1991 жыл - 14 қазан 1994 жыл) болды. Оның тұсында Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында нарықтық реформалар басталып, колхоздар мен совхоздар таратылып, жаңадан фермерлік және ұсақ шаруа қожалықтары құрыла бастады. Инфляция бұрын-соңды болмаған шарықтау шегіне жетті. Биліктен кеткен соң Терещенко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктестерінің бірі болып қала берді. 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлауда кандидат Назарбаевты қолдау штабын басқарды. Сайлаудан соң осы штабтың негізінде құрылған "Отан" партиясы кейін "Нұр Отан" партиясы болып атауын өзгертті.

Сергей Терещенко қазір Қазақстанның бірнеше облысында ауыл шаруашылық жері бар кәсіпорынды басқарады.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Әкежан Қажыгелдин басқарған үкімет (14 қазан 1994 жыл - қазан 1997 жыл) ел экономикасына реформалар жасаумен айналысты. Қазақстанда жүргізілген жекешелендіру саясатындағы жетістіктер мен кемшіліктер сөз болғанда Қажыгелдиннің есімі де аталады. Оның биліктен оппозицияға кетуі де сол кезде қоғамның саяси өміріндегі үлкен оқиғалардың бірі болды. 1998 жылдың жазында шетелге саяси эмиграцияға кеткен Қажыгелдинді Қазақстан соты «билікті асыра пайдаланған, аса ірі мөлшерде мәжбүрлеп пара алған, заңсыз қару сатып алған, оны сақтаған, салық төлеуден жалтарған» деген айыптар бойынша 2001 жылы сырттай 10 жылға соттады.
2/10 Әкежан Қажыгелдин басқарған үкімет (14 қазан 1994 жыл - қазан 1997 жыл) ел экономикасына реформалар жасаумен айналысты. Қазақстанда жүргізілген жекешелендіру саясатындағы жетістіктер мен кемшіліктер сөз болғанда Қажыгелдиннің есімі де аталады. Оның биліктен оппозицияға кетуі де сол кезде қоғамның саяси өміріндегі үлкен оқиғалардың бірі болды. 1998 жылдың жазында шетелге саяси эмиграцияға кеткен Қажыгелдинді Қазақстан соты «билікті асыра пайдаланған, аса ірі мөлшерде мәжбүрлеп пара алған, заңсыз қару сатып алған, оны сақтаған, салық төлеуден жалтарған» деген айыптар бойынша 2001 жылы сырттай 10 жылға соттады.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Қазақстанның үшінші премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев (10 қазан 1997 жыл - 1 қазан 1999 жыл) болды. Оның үкіметіне сол кезде жаңадан қабылданған "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру шараларын атқару міндеті жүктелді. АҚШ-та қозғалған атышулы «Қазақгейт» ісіне қатысты баспасөзде Қазақстанның жоғары лауазымды басшыларының қатарында Балғымбаевтың есімі де жиі аталған еді.
3/10 Қазақстанның үшінші премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев (10 қазан 1997 жыл - 1 қазан 1999 жыл) болды. Оның үкіметіне сол кезде жаңадан қабылданған "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру шараларын атқару міндеті жүктелді. АҚШ-та қозғалған атышулы «Қазақгейт» ісіне қатысты баспасөзде Қазақстанның жоғары лауазымды басшыларының қатарында Балғымбаевтың есімі де жиі аталған еді.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Қазақстан үкіметін басқарған (12 қазан 1999 жыл - 28 қаңтар 2002 жыл) Қасым-Жомарт Тоқаев премьерлікке тағайындалған кезде кабинетіне халықпен жариялылық негізінде, демократиялық стильде жұмыс істеу қажеттігін айтқан еді. Бірақ ол 2001 жылы үкімет құрамындағы өзгерістерді, жаңа реформалар мен жариялықты талап еткен «жас түркілерді» жұмыстан қууды президенттен сұрап, телеарна арқылы мәлімдеме жасады. Бұл талабы орындалған соң көп ұзамай өзі де отставкаға кетті. Дипломатиялық қызметке оралған ол кейін парламент сенатының төрағасы болып сайланды.
4/10 Қазақстан үкіметін басқарған (12 қазан 1999 жыл - 28 қаңтар 2002 жыл) Қасым-Жомарт Тоқаев премьерлікке тағайындалған кезде кабинетіне халықпен жариялылық негізінде, демократиялық стильде жұмыс істеу қажеттігін айтқан еді. Бірақ ол 2001 жылы үкімет құрамындағы өзгерістерді, жаңа реформалар мен жариялықты талап еткен «жас түркілерді» жұмыстан қууды президенттен сұрап, телеарна арқылы мәлімдеме жасады. Бұл талабы орындалған соң көп ұзамай өзі де отставкаға кетті. Дипломатиялық қызметке оралған ол кейін парламент сенатының төрағасы болып сайланды.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Советтік комсомол мектебі сатысымен билікке көтерілген Иманғали Тасмағамбетов үкіметі тұсында (28 қаңтар 2002 жыл - 11 маусым 2003 жыл) елде оппозиция мен халықаралық демократиялық ұйымдар «саяси астары бар» деп баға берген бірнеше сот процестері өтті.

Ол мәжілістегі оппозициялық депутаттардың Қазақстанның шетелдегі құпия есепшоты мен ондағы 1 миллиард АҚШ доллары жайлы сауалына ол ақшаның «ел экономикасын банкроттықтан сақтап қалғанын» айтқан.
5/10 Советтік комсомол мектебі сатысымен билікке көтерілген Иманғали Тасмағамбетов үкіметі тұсында (28 қаңтар 2002 жыл - 11 маусым 2003 жыл) елде оппозиция мен халықаралық демократиялық ұйымдар «саяси астары бар» деп баға берген бірнеше сот процестері өтті.

Ол мәжілістегі оппозициялық депутаттардың Қазақстанның шетелдегі құпия есепшоты мен ондағы 1 миллиард АҚШ доллары жайлы сауалына ол ақшаның «ел экономикасын банкроттықтан сақтап қалғанын» айтқан.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Даниял Ахметов премьер-министр болған уақытта (13 маусым 2003 жыл - 8 қаңтар 2007 жыл) Қазақстанда көптеген бағдарламалық құжаттар қабылданды. Сыншылар елде мұнай өндірісінің көлемі мен әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өскен кезде үкімет белгілеген жоспарлары жүзеге аспай қағаз бетінде қалғанын айтады. Осы жылдары Қазақстанда оппозиция мен тәуелсіз басылымдарды қудалау жалғасып, Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды оппозиция өкілдері жұмбақ жағдайда қаза тапты.
6/10 Даниял Ахметов премьер-министр болған уақытта (13 маусым 2003 жыл - 8 қаңтар 2007 жыл) Қазақстанда көптеген бағдарламалық құжаттар қабылданды. Сыншылар елде мұнай өндірісінің көлемі мен әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өскен кезде үкімет белгілеген жоспарлары жүзеге аспай қағаз бетінде қалғанын айтады. Осы жылдары Қазақстанда оппозиция мен тәуелсіз басылымдарды қудалау жалғасып, Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды оппозиция өкілдері жұмбақ жағдайда қаза тапты.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Кәрім Мәсімов тәуелсіз Қазақстанның осы кезге дейінгі тарихында ең ұзақ отырған үкімет басшысы (10 қаңтар 2007 жыл - 24 қыркүйек 2012 жыл) атанды. Мәсімов үкіметі келгенде әлем және Қазақстан экономикасы да дағдарысқа жолыққан еді. Президент Назарбаев бұл үкіметке Қазақстанды бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу, индустриалды-инновациялық бағдарламасын әзірлеп жүзеге асыру сияқты міндеттер қойды. Бұл кезеңде Қазақстан Ресей және Беларусьпен бірге Кеден Одағына мүше болып кірді.
7/10 Кәрім Мәсімов тәуелсіз Қазақстанның осы кезге дейінгі тарихында ең ұзақ отырған үкімет басшысы (10 қаңтар 2007 жыл - 24 қыркүйек 2012 жыл) атанды. Мәсімов үкіметі келгенде әлем және Қазақстан экономикасы да дағдарысқа жолыққан еді. Президент Назарбаев бұл үкіметке Қазақстанды бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу, индустриалды-инновациялық бағдарламасын әзірлеп жүзеге асыру сияқты міндеттер қойды. Бұл кезеңде Қазақстан Ресей және Беларусьпен бірге Кеден Одағына мүше болып кірді.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Қазақстан үкіметін бір жарым жылдай (24 қыркүйек 2012 жыл - 2 сәуір 2014 жыл) басқарған Серік Ахметовтің нақты не үшін қызметінен алынғаны жайлы әдеттегісінше ресми түсініктеме берілген жоқ. Жарты жыл бұрын президент Назарбаев премьер-министрдің жұмысын сынағаннан кейін Ахметовтің отставкаға кететіні туралы түрлі болжамдар айтылған. Сарапшылар мұның алдындағы өзгелер сияқты Ахметовтің үкіметі де айтарлықтай экономикалық табыстарға жетпегенін айтады.
8/10 Қазақстан үкіметін бір жарым жылдай (24 қыркүйек 2012 жыл - 2 сәуір 2014 жыл) басқарған Серік Ахметовтің нақты не үшін қызметінен алынғаны жайлы әдеттегісінше ресми түсініктеме берілген жоқ. Жарты жыл бұрын президент Назарбаев премьер-министрдің жұмысын сынағаннан кейін Ахметовтің отставкаға кететіні туралы түрлі болжамдар айтылған. Сарапшылар мұның алдындағы өзгелер сияқты Ахметовтің үкіметі де айтарлықтай экономикалық табыстарға жетпегенін айтады.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Бір жарым жылдан соң, яғни 2014 жылы сәуірде үкімет басына қайта оралған Кәрім Мәсімов 2007 жылы осы қызметке алғаш тағайындалғанда айтқан сөздерін тағы қайталап, президент Назарбаевқа «әркез көмекшісі болып қала беретінін» мәлімдеді. Назарбаев «жаңа үкіметтің инвесторларды тартуға күш салуы керек екенін, экономиканы күшейту үшін ұлттық қордан қаржы бөлдіру туралы шешім шығарғанын» айтты.
9/10 Бір жарым жылдан соң, яғни 2014 жылы сәуірде үкімет басына қайта оралған Кәрім Мәсімов 2007 жылы осы қызметке алғаш тағайындалғанда айтқан сөздерін тағы қайталап, президент Назарбаевқа «әркез көмекшісі болып қала беретінін» мәлімдеді. Назарбаев «жаңа үкіметтің инвесторларды тартуға күш салуы керек екенін, экономиканы күшейту үшін ұлттық қордан қаржы бөлдіру туралы шешім шығарғанын» айтты.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
2016 жылы қыркүйекте Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Оның орнына Бақытжан Сағынтаев премьер-министр болып келді. Сағынтаев 2019 жылы 21 ақпанда президент Назарбаевтың жарлығымен отставкаға кетті. Қазақстан басшысы Сағынтаев басқарған үкімет бюджет қаржысын дұрыс пайдаланбады, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыра алмады деп сынады.
10/10 2016 жылы қыркүйекте Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Оның орнына Бақытжан Сағынтаев премьер-министр болып келді. Сағынтаев 2019 жылы 21 ақпанда президент Назарбаевтың жарлығымен отставкаға кетті. Қазақстан басшысы Сағынтаев басқарған үкімет бюджет қаржысын дұрыс пайдаланбады, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыра алмады деп сынады.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG