Accessibility links

Аптаның үздік жеті хикаясы


Еуромайданға қолдау білдірген қазақстандық құқық қорғаушы әрі журналист Рамазан Есіргепов (сол жағында). Киев, 2014 жыл
Еуромайданға қолдау білдірген қазақстандық құқық қорғаушы әрі журналист Рамазан Есіргепов (сол жағында). Киев, 2014 жыл

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақтар құқығы сақталмайды

Халықаралық бақылаушылар Қазақстанда жұмысшылар мен тәуелсіз кәсіподақтар құқығы "заңмен де, іс жүзінде де қорғалмаған" деп санайды. Кәсіподақ жетекшісі Дмитрий Синявскийге жасалған қастандықты соның бір дәлелі дейді. Үкіметке жақын кәсіподақ өкілі ондай пікірмен келіспейді.

Виктория Рай: "Толеранттықтан" гөрі "адамгершілікті" ұнатам

Қарашаның 20-сы – кісі қолынан қаза тапқан трансгендер адамдарды еске алу күні. Бұл күні трансфобия салдарынан опат болғандарды еске түсіреді. Бұл күн қарсаңында Азаттық тілшісі қазақстандық трансгендерлер бастамасының өкілі Виктория Раймен сұхбаттасқан еді.

Атамбаев Қазақстанмен арадағы дауды еске алды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев "Апрель" арнасына берген сұхбатында өзі басқарған тұста Қазақстанмен арадағы жағдайдың ушығу себептеріне тоқталған. Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жетекшісі бұған қоса, Жээнбековке қатысты соңғы кезде туындаған "қаржы дауы" туралы да айтқан.

Украина сабағы: Еуромайдан және Қазақстан қоғамы

Украинада айлар бойы жалғасқан "Еуромайдан" деген атпен белгілі жаппай наразылықтың басталғанына бес жыл толды. Оның Қазақстанға қандай ықпалы болды? Кремль насихаты қаншалықты қауіпті және "түрлі-түсті революциялар" еліне қазақстандықтар неге бейжай қарайды? Бұл сұрақтардың жауабын Петр Троценконың мақаласынан оқып біліңіздер.

Мәскеулік студент Шыңжаңдағы жақындарының бостандығы үшін күресіп жүр

Мәскеу мемлекеттік университетінде оқитын қазақ студенті Бота Құсайын Қытайда саяси лагерьде қамауда отырған әкесі мен әжесінің жағдайы туралы Twitter-де жиі жазып, халықаралық басылымдар мен ұйымдардың назарын аудартты. Құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұраған студент БҰҰ-нан жауап күтіп жүр. Қытайда туған, Қазақстан азаматтын алған 26 жастағы Бота Құсайын жайлы мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Шымкентте әлі совет паспортымен жүргендер бар

Шымкент қаласында жыл басынан бері төлқұжаты мен жеке бас куәлігі жоқ жүздеген адам анықталған. Азаттық СССР кезіндегі паспортынан өзге құжаты жоқ тұрғындардың не себепті осындай күйге душар болғанын зерттеп көрді.

ВИЧ жұқтырғандар неге емделуден бас тартады?

Түркістан облысы және Шымкент қаласында ВИЧ жұқтырған кейбір тұрғын бойларында бұл инфекцияның бар екеніне сенбейді. Кейбір науқастар дәрі-дәрмектердің тиімділігіне күмән келтіріп, ем қабылдаудан бас тартқан. Олармен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер он жыл ішінде пациенттердің әлеуметтік портреті өзгергенін айтады. Қазақстанның оңтүстігінде ВИЧ жұқтырған азаматтардың жағдайы туралы мақаланы Дилара Исаның мақаласынан оқып біліңіздер.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG