Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Карлагта туып, төрт ай өмір сүрген баланың бейіті. Қарағанды облысы, Долинка кенті, 26 мамыр 2017 жыл.
Елдің орталық бөлігіндегі «Карлагқа» қатысты орындардың бірі - «Мамочкино бейітін» бірыңғай мемориалды кешен құрамына енгізуді ұсынады. Экскурсия жүргізушілер мен жергілікті тұрғындар Карлаг балалары мен тұтқын әйелдер жерленген орынды сақтап, абаттандыратын шығар деген үмітпен әлгі идеяны құптайды.
ГУЛАГ-тың ең ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі – Карлагтың 1930-1940 жылдары қайтыс болған балалары мен тұтқын әйелдері жерленген әрі толық сақталмаған «Мамочкино бейітін» Қарағанды облысындағы әйгілі орындардың бірыңғай мемориалды кешені құрамына енгізуді парламент депутаты Нұрлан Дулатбеков ұсынған. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы қызметкерлері бұл тарихи зиратты сақтап қалуға көбірек назар аударуға септігі тиеді деп, идеяны құптайды.
КЕСІЛГЕН КРЕСТЕР
Жергілікті өзен арнасынан асып тасыған кезде Қарағанды облысы Долинка кенті маңындағы «Мамочкино бейітінің» бір бөлігін су шайып кеткен. Қазір Жартас деп аталатын «Қарағандылық» совхозында үйлер салу кезінде кей бейіттер тапталып қалған және қираған. Бұған қоса, бейітті тонаған.
«Мамочкино бейіті» аталып кеткен Карлаг балалары мен тұтқын әйелдер зираты. 26 мамыр 2017 жыл.
Азаттық тілшісі бұл жерде екі жыл бұрын болған еді. Сол кезден бері мүлде ештеңе өзгермеген деуге болады. Тек кей молаларда гүл шоқтары пайда болған, жуырда, мүмкін Ата-аналар күні біреулер бейіт басына барған болуы мүмкін. Кіреберісте бұл жер - «Мамочкино бейіті» екенін көрсететін жаңа тақтайша қағылған. Бейіт аумағы қараусыз қалған деуге болмайды, бірақ абаттандыру қажет.
Жуырда интернетте бейітті тонап жатыр екен деген ақпарат тараған болатын. Экскурсия жүргізуші, Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы қызметкері Иван Кондрашев оны ескі ақпарат деп санайды. Оның айтуынша, кейінгі кезде тонау оқиғалары болмаған. Бейітті 1990 жылдары қатты тонап, қоршауларды, балалар крестерін кесіп әкеткен. Енді көп тұстарда жерден крестке онша ұқсамайтын темір қазықтар шығып тұр.
КӨБІРЕК НАЗАР АУДАРУ
«Мамочкино бейіті» мемориал мәртебесін 14 жыл бұрын, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамырда алған. Ертеректе бұл датаға арналған митингілерді осы жерде де өткізетін. Қазір ондай шаралар Долинка кентіндегі Қарлагтың бұрынғы бас басқармасы ғимаратында тура алты жыл бұрын ашылған мұражай территориясында өтеді.
Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына жолдаған сауалында депутат Нұрлан Дулатбеков «Мамочкино бейіті» территориясында Спасск зиратындағы (Қарағанды облысы Абай ауданындағы Қарлагтың бөлімшесі болған ауыл) сияқты мемориал кешені құрылса, ел тарихын тереңірек тануға жағдай туады деп мәлімдеген.
Спасск зиратындағы мемориал. Қарағанды облысы.
Бейіт территориясында алып архитектуралық кешен, яғни Қарлагта туып, қайтыс болған балалар мен олардың аналары – лагерьдің тұтқын әйелдеріне ескерткіштер орнатуды және бейіт территориясын абаттандыруды ұсынады. Бірыңғай мемориалды кешен құрамына енгізілсе, «Мамочкино бейіті» жұрт аруақтарға тағзым етіп, гүл қойып, дұға оқу мақсатында келетін негізгі және маңыздың орындардың біріне айналмақ.
Саяи қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы қызметкерлері бұл идея іске асса, есте тұтатын орынға көбірек көңіл бөлінеді деп үміттенеді.
- Қаза тапқандардың аруағына тағзым ету үшін шетелдік делегациялар көп келетін болады. Қазір делегациялардың көбі 30-дан астам ұлт өкілдері жерленген Спасск мемориалдық кешеніне барып жүр ғой, ол жақта ескерткіштер орнатылған. Меніңше, мына жерде де соған ұқсас орын жасауға болады. Ертеректе «Мамочкино бейітінде» аруақтарға тағзым етіп, дұға оқуға болатын шағын шіркеу сияқты бөлме салу үшін іргетасын құйған болатын. Бірақ әлгі іргетастың құйылғанына үш жыл өтті. Оны міндетті түрде бітіру керек, мұсылмандар үшін де ғибадат ететін орын салу керек. Бұған қоса, крестер қалған тұстардың тым болмаса тақтайшаларын ауыстыру керек, - дейді Иван Кондрашев.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің қызметкері, экскурсия жүргізуші Иван Кондрашов. Қарағанды облысы Долинка кенті, 26 мамыр 2017 жыл.
Ескі бейітке әсіресе шетелдік туристер мен репрессияға ұшыраған жандардың ұрпақтары көп барады. Бірақ екеуінің арасы төрт километрге жетпегенімен, Долинка кентінде «Мамочкино бейіті» басына бармаған тұрғындар бар екен.
- Долинкада тұрғаныма талай жыл болды, бірақ «Мамочкино бейітіне» бір рет те бармаппын. Ол жаққа барып, көру керек екен, әйтпесе жұрттың бәрі айтады, ал мен ол жердің қандай екенін де білмеймін. Ондай орындарды күтіп ұстап, қорғау керек – тарихи жады ғой, - дейді Долинка кенті тұрғыны, зейнеткер Надежда Сидякина Азаттық тілшісіне.
ҚҰПИЯЛАНДЫРЫЛҒАН ТАРИХ
Лагерьде өте көп нәресте өлген. Олардың ішінде туған күні шетінеп кеткен нәрестелер көп. Мұны мұражайда сақталған құжаттар ғана емес, «Мамочкино бейітінде» сақталып қалған кей крестердегі тақтайшалар да көрсетеді. Мұнда жас босанған аналарды да жерлеген.
Мұражай қызметкері Иван Кондрашев Қарлагтағы балалардың көп өлгенін растайтын әлдебір құжаттың сақталып қалғанын айтып берді. Қарлагтың саяси бөлімі бастығына ГУЛАГ саяси бөлімі бастығы жазған хатта Қарлагта сол кезде лагерьде болған 530 баланың 98-і 1945 жылдың қыркүйек, қазан айларында шетінеп кеткені жазылған. Қарлаг жұмыс істеген 28 жылдың ішінде лагерь территориясында қанша бала дүниеге келіп, қаншасы өлгені жайлы нақты деректер жоқ.
"Мамочкино бейітінің" 2013 жылғы суреті.
- Қарлагта балалар, әсіресе емшектегі сәбилер көп шетінеген. Аналарына оларды тәулігіне ең көбі төрт рет қана емізуге рұқсат еткен. Әр емізуге күзетшінің бақылауымен апарып отырған, бұған қоса, лагерьдегі ауыр жағдайдың кесірінен әйелдердің омырау сүті тартылып қалған, балаларға беретін тамақ болмай, олар аштықтан әбден әлсіреген. Сәбилерге арналған сондай қасіретті үйлердің бірі қазіргі Жартас ауылы территориясында болған. Бұдан бөлек, кішкентай балаларды суық, сыз, кір-лас барактарда ұстаған. Мұның бәрінен балалар көптеп қырылған, - дейді экскурсия жүргізуші Иван Кондрашев.
Қарлаг 1930 жылдан 1959 жылға дейін жұмыс істеген. Сол жылдары лагерьде бір миллионға жуық адам отырған деп болжанады. Бірақ Қарлаг архивтері әлі құпия болғандықтан, оның тұтқындарының санын шамалап болса да атау мүмкні емес. «Мамочкино бейітінде» кімнің қабыры екенін көрсететін аты-жөні жазылмаған крестер әлі көп.
ФОТОГАЛЕРЕЯ: Карлагтың қазіргі қалпы (суретті басыңыз)
КарЛАГ-тың қазіргі тіршілігі
1/15КарЛАГ орталығы болған Долинка кентіндегі кейбір үйлердің тікенек сымтемірмен, тормен қоршалғанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, КарЛАГ жабылғаннан кейін кенттен көп тікенекті сымдар табылған. Бұрын оларды тұтқындар қашып кетпеу үшін қоршауға пайдаланса, қазір ұрылардан сақтану үшін пайдаланады.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/15Мұнда қазір КарЛАГ-тың әйелдерге арналған сегіз барагы бар. Қазір оларда жергілікті тұрғындар тұрады. Барактар бірнеше отбасы тұру үшін бірнеше бөлікке бөлінген. Кейбірі жөнделген. Мұнда барлығы 12 әйелдер барагы болған. Ол барактардағы тұрмыс еркектер барагындағыдан аса айырмасы болмаған.
- 1942 жылы Карлагтың жаза мерзімі біткен кей тұтқындарын соғыс біткенше босатпау туралы қаулы шыққан. Кейбір тұтқындар мерзімінен артық бір немесе екі, кейді тіпті одан да көп жыл қамауда болған. Меніңше, Сталин мұндағы адамдардың көбі кінәсіз екенін білген, егер оларды босатса, Германия жағына шығып, СССР-ге қарсы соғысады деп қауіптенген, - дейді экскурсия жүргізуші Иван Кондрашов.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/1538 жастағы Виталий Кожевников бұрынғы әйелдер барактарының бірінде тұрады. Бұл барактарда кезінде оның апасы, Карлаг тұтқыны Лидия Кожевникова өмір сүрген.
Виталий Кожевников Азаттық тілшісіне «Апам Карлагта 10 жылдай тұтқында болған. Әкемді тұтқында болған кезінде туған. Мерзімі біткенше осында болған. Босағаннан кейін осы Долинкада тұрды, көп жыл бұрын қайтыс болды. Апамды мен көрмедім. Бұрын, бала кезімде біз басқа баракта тұрдық. Әйелдерге арналған ол барактың қабырғалары ағаш еді. Қазір мен отбасыммен сол барактың қарсысындағы басқа баракта тұрамын. Долинкаға туристер көп келеді, біз тұрып жатқан барактарды видеоға түсіріп кетеді» дейді.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/15Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аумағын күзететін қызметкерлердің мұнарасы. Бұл мұнараны зұлмат жылдар ахуалын елестету үшін жақында қайта орнатқан.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/15Карлаг бастығының үйі. Бұл архитектуралық құрылыс сталиндік неоклассицизм мәнерінде 1930 жылдары салынған. Қазір айналасында үлкен бау-бақшасы бар бұл үй тозған. Карлагтың 28 жылдық тарихында 11 бастық ауысқан. Олар әр жылдары осы үйде тұрған. Музей қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, Карлагтың алғашқы бастығының әскери шені аға лейтенант болса, соңғы бастығының шені СССР мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры болған.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/15Людмила Кузнецованың айтуынша, ондаған жылдар бұрын Карлаг бастығының үйінде оның ата-анасы тұрған. Олар қайтыс болғаннан соң бұл төрт бөлмелі үлкен үй оған мұраға қалған.
- Менің ата-анам Долинкаға 1949 жылы келген. Анам - Валентина Волкова Карлаг басқармасында хатшы-машинист болып істеген. Қазір ол жер - музей. Музей құрылғанда анам көп суреттер берді. Әкем Михаил Волков колонияларда істеген әскери адам болған. 159/6 мекемесінің бастығы лауазымына дейін өсті. Бұл үйді колонияда істейтін әкеме баспана ретінде берген. Қанша жыл өтсе де адамдар әлі ұмытпайды. Бұл - біздің тарихымыз, қазір осындай тарихи жерде тұрғаныма аздап мақтанамын, - дейді Долинка тұрғыны Людмила Кузнецова.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/15Бұл екі қабатты ғимаратта сталиндік қуғын-сүргін кезінде Карлагтың аға офицерлері тұрған. Қазір мұнда бірнеше отбасы тұрып жатыр. Музей жағынан қарағанда сегіз пәтерлі бұл үй жап-жақсы ғимарат болып көрінеді. Ішіне кіргенде ғимаратты жөндеу керек екені білінеді. Тұрғындар төбесінен су ағатынын айтады. Бөлмелері кең әрі биік. Бірақ ас үйлері өте тар. Тұрғындар суды құдықтан алады, пәтерлерге пеш орнатылған. Жазда бұл үйдің іші өте салқын болады. Үйдің ішінде ескі баспалдаққа дейін сақталған.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/15Зейнеткер Надежда Сидякина бұрынғы Карлаг офицерлері үйінде 1973 жылдан бері тұрады. Долинкаға келгенде ол сүт зауытында істеген. Онан соң зона қоймасында 20 жыл еңбек еткен.
- Бұл жерде жөнді жұмыс жоқ. Жергілікті жұрттың көбі зонада істейді. Қызым да сонда істейді. Күйеуім офицер болды. Сондықтан Карлагта туған балалар тек зонада істейді (күледі - Ред.). Біз Долинкаға келгенде жергілікті тұрғындар өздерін "Карлаг балалары" атайды екен. Біреулері тұтқын болған, біреулері Карлаг әкімшілігінде жұмыс істеген. Менің отбасым, құдайға шүкір, Карлагқа қатысы жоқ. Қазір көп адам Долинкадан кетіп қалды. Бұл үйде бұрын тұрғандардан менен басқа ешкім қалмады. Үйді жөндеу керек. Шатырын ауыстырмаса, су ағады. Бірақ жөндеу жұмыстарына жұрттың ақшасы жоқ, - дейді Надежда Сидякина.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
12/15Бұл ғимаратта «Абай қуат желілері» коммуналдық кәсіпорны орналасқан. Ғимарат бұрын Карлаг өндірісі мен шаруашылығы жетістіктері көрмесінің үйі болған. Онда өсімдіктердің жаңа сұрыптарын, механикаландырудың жаңа түрлерін, мал шаруашылығының жетістіктерін қойған. Карлаг тұтқындары "моңғолдың қарабас қойы" деген ерекше тұқым шығарған. Ол қойлардың ірілері 200 килограмға дейін тартқан. Одан бөлек, Карлагта Лавр атты бұқа өсірген, оның салмағы екі жылда 980 килограмға жеткен. Бұл Карлагта өсірілген ең ірі бұқа емес.
- Карлагта ерлі-зайыпты Михаил Цителов пен Лилия Пальмен тұтқында болған. Бұл басшылық үйленуге рұқсат еткен жалғыз жұп болған. Олар жүк көліктерінің генераторын ойлап тапқан. Олардың осы жаңалықтары арқасында Карлагтың өзі ғана соғыс жылдары 11 миллион литр бензин үнемдеген, - дейді экскурсия жүргізуші.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
13/15Долинкадағы шіркеу ғимаратында қазір адамдар тұрып жатыр. Бұл шіркеуді осында келген немістер салған. Кейіннен Карлаг құрылғанда шіркеу перзентханаға айналған. Мұнда Карлагта жұмыс істейтін адамдардың әйелдері, кейбір деректерге қарағанда тұтқындар да босанған. 1959 жылы Карлагты қайта құрған, сол кезде бұл ғимаратты жергілікті тұрғындарға баспана ретінде берген.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/15Бұл ауруханада дәрігер Яков Думбадзе істеген. Ол тұтқындалғанға дейін Кремль ауруханасының гинекология және акушерлік бөлімін басқарған. Карлагта Одесса хирургы Константин Гончаров та отырған. Ол Карлаг бастығының баласын өлімнен алып қалғаны үшін мерзімінен бұрын босатылған.
- Лагерь бастығы жолдастарымен аңнан келгенде қаруларын үйінің кіреберісіне қалдырып, өздері асқа отырған. Олардың балалары осы қаруларды алып, соғысып ойнаған. Ойнап жүргенде Карлаг бастығының баласы жазатайым жараланған. Бетіне оқ тиген. Аңшылар оқтарды алуды ұмытып кеткен екен. Хирург Гончаровты алдырып, баланың өмірін құтқаруды өтінген. Гончаров қолынан келгенін істеген, кейіннен баланың бетін қалпына келтіру үшін операция жасаған. Лагерь бастығы Гончаровтың жаза мерзімін қысқартуды сұрап, жоғарыға хат жазған. Мәскеуден оны мерзімінен бұрын босату және Одессаға жіберу туралы жауап келген, - дейді Иван Кондрашов.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
15/15Долинкада Карлаг нысандары жанынан сувенирлердің шағын дүкені ашылды. Онда 600 теңгеге тікенек сым, Карлаг туралы кітаптар және Долинка аумағында жазасын өтеп жатқан тұтқындар жасаған заттарды сатып алуға болады. Сатушылар ЭКСПО көрмесіне келген туристер Долинкаға соғады, көрме уақытында тауарлары көп өтеді деп үміттенеді.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.