Accessibility links

Карлагта тұтқындарды қалай азаптағанын көрсетті

Азаптау камерасы. Музей қызметкерлері сомдаған &quot;Карлаг тұтқынын&quot; &quot;НКВД тергеушісі&quot; қинап жатыр. Кейде адамдарды осылай азаптап &quot;мойындатқан&quot;. &quot;НКВД офицерінің&quot; &quot;Ұйықтама, ұйықтама деймін&quot; деген сөздері қонақтарды шошытты.<br />
<br />
1/14 Азаптау камерасы. Музей қызметкерлері сомдаған "Карлаг тұтқынын" "НКВД тергеушісі" қинап жатыр. Кейде адамдарды осылай азаптап "мойындатқан". "НКВД офицерінің" "Ұйықтама, ұйықтама деймін" деген сөздері қонақтарды шошытты.

Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Долинка ауылындағы Карлагтың бұрынғы басқармасының ғимараты қазір саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей. Осы музейдің алдында үрмелі аспаптар оркестрі ойнап тұрды. Бұл тегін емес, тұтқындардың естелігіне қарағанда, үрмелі аспаптар оркестрі Карлаг басқармасы ғимаратының алдында үнемі музыка ойнайтын болған.&nbsp; &nbsp;
2/14 Долинка ауылындағы Карлагтың бұрынғы басқармасының ғимараты қазір саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей. Осы музейдің алдында үрмелі аспаптар оркестрі ойнап тұрды. Бұл тегін емес, тұтқындардың естелігіне қарағанда, үрмелі аспаптар оркестрі Карлаг басқармасы ғимаратының алдында үнемі музыка ойнайтын болған.   
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Товар таситын вагондағы тұтқындар туралы қойылым. Бұл вагондармен жүкті әйелдерді де, омырауда баласы бар аналар мен кішкене балаларды да, қарттарды да тасыған. Көптеген тұтқындар осы вагондардағы мыңдаған километрлерге созылған адам төзгісіз сапарларға шыдамай қаза тапқан.
3/14 Товар таситын вагондағы тұтқындар туралы қойылым. Бұл вагондармен жүкті әйелдерді де, омырауда баласы бар аналар мен кішкене балаларды да, қарттарды да тасыған. Көптеген тұтқындар осы вагондардағы мыңдаған километрлерге созылған адам төзгісіз сапарларға шыдамай қаза тапқан.
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Музей қызметкері репрессия жылдары Қазақстанға Совет Одағының әр түкпірінен әртүрлі ұлт өкілдерінің жер аударылғаны туралы әңгімелеп тұр. Қонақтар архив құжаттары мен ұлттық киім кигізілген мүсіндерді көрді.
4/14 Музей қызметкері репрессия жылдары Қазақстанға Совет Одағының әр түкпірінен әртүрлі ұлт өкілдерінің жер аударылғаны туралы әңгімелеп тұр. Қонақтар архив құжаттары мен ұлттық киім кигізілген мүсіндерді көрді.
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Музейді көруге келген Вера Миходенко депортация залындағы мүсінге қарап тұр. Музейдегі экспонаттың бірі - Кавказ тұрғынының мүсіні. Кавказ тұрғындары Қазақстанға басқа этнос өкілдерімен бірге жер аударылған. Қарағанды облысы, Долинка ауылы, 18 мамыр 2013 жыл.&nbsp;
5/14 Музейді көруге келген Вера Миходенко депортация залындағы мүсінге қарап тұр. Музейдегі экспонаттың бірі - Кавказ тұрғынының мүсіні. Кавказ тұрғындары Қазақстанға басқа этнос өкілдерімен бірге жер аударылған. Қарағанды облысы, Долинка ауылы, 18 мамыр 2013 жыл. 
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Бұл кабинетте тергеуші этаппен келген жаңа тұтқындарды қабылдап, олардың ісімен танысқан. Тұтқындарды осы жерде суретке түсірген.
6/14 Бұл кабинетте тергеуші этаппен келген жаңа тұтқындарды қабылдап, олардың ісімен танысқан. Тұтқындарды осы жерде суретке түсірген.
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Музей қызметкері Карлаг тұтқындарының саман топырақты қалай илегенін көрсетіп тұр. Тұтқындар лагерьдегі ғимараттарды саман топырақтан өздері тұрғызатын. Бұл аштықтан әбден жүдеген, әлсіреген адамдардың ауыр еңбегі болған.&nbsp;
7/14 Музей қызметкері Карлаг тұтқындарының саман топырақты қалай илегенін көрсетіп тұр. Тұтқындар лагерьдегі ғимараттарды саман топырақтан өздері тұрғызатын. Бұл аштықтан әбден жүдеген, әлсіреген адамдардың ауыр еңбегі болған. 
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Омыраудан шықпаған балаларды аналарына емізу үшін ғана әкелген. Қалған уақытта әйелдер жұмыс істеген. Карлагта туған балаларды 3 жасқа толған соң басқа лагерьлерге жіберген немесе атып тастаған деген деректер бар.
8/14 Омыраудан шықпаған балаларды аналарына емізу үшін ғана әкелген. Қалған уақытта әйелдер жұмыс істеген. Карлагта туған балаларды 3 жасқа толған соң басқа лагерьлерге жіберген немесе атып тастаған деген деректер бар.
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Қонақтар Карлаг бастығының кабинетіне кірді. &quot;Халық жауының&quot; қызы тергеуде отыр. &quot;Лагерь бастығы&quot; оны &quot;әкеңнен бас тартпасаң, этаппен жөнелтем&quot; деп қорқытып тұр. &nbsp;
9/14 Қонақтар Карлаг бастығының кабинетіне кірді. "Халық жауының" қызы тергеуде отыр. "Лагерь бастығы" оны "әкеңнен бас тартпасаң, этаппен жөнелтем" деп қорқытып тұр.  
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Ерлер камерасы. Бұл жерде музей қызметкерлері саяси тұтқындардың кәнігі қылмыскерлермен бірге отырғаны туралы қойылым көрсетті. Қылмыскерлер бойын онсыз да қорқыныш билеген саяси тұтқындардың одан сайын зәресін алған.
10/14 Ерлер камерасы. Бұл жерде музей қызметкерлері саяси тұтқындардың кәнігі қылмыскерлермен бірге отырғаны туралы қойылым көрсетті. Қылмыскерлер бойын онсыз да қорқыныш билеген саяси тұтқындардың одан сайын зәресін алған.
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Музей қызметкері азаптан қалжыраған Карлаг тұтқынын сомдады. Түнгі экскурсия қонақтары лагерьдегі тозақты өз басынан кешіргендей болды.&nbsp;
11/14 Музей қызметкері азаптан қалжыраған Карлаг тұтқынын сомдады. Түнгі экскурсия қонақтары лагерьдегі тозақты өз басынан кешіргендей болды. 
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Қонақтарға музей қызметкерлері құрт таратты. Олар &quot;тұтқындарды аштықтан жергілікті қазақтар берген құрт құтқарып қалған&quot; дейді. Меймандар бұл тағамның да дәмін татты.&nbsp;
12/14 Қонақтарға музей қызметкерлері құрт таратты. Олар "тұтқындарды аштықтан жергілікті қазақтар берген құрт құтқарып қалған" дейді. Меймандар бұл тағамның да дәмін татты. 
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бөлме. Бұл жерден музейге келген адамдар Карлагта қаза тапқан тұтқындардың тізімін оқи алады. Осы бөлмеде құрбандарға арнап ескерткіш те қойылған.&nbsp;<br />
13/14 Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бөлме. Бұл жерден музейге келген адамдар Карлагта қаза тапқан тұтқындардың тізімін оқи алады. Осы бөлмеде құрбандарға арнап ескерткіш те қойылған. 
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Түнгі экскурсиядан шыққан қонақтар.
14/14 Түнгі экскурсиядан шыққан қонақтар.
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
Previous slide
Next slide

Қарағанды облысы Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының қандай тозақтан өткенін көрді.

«Карлагтағы түнге» Қарағанды облысынан, тіпті Астана қаласынан бірнеше жүз адам келді. Экскурсия мамырдың 19-ы күні болды. Карлаг – Сталин тұсында Совет Одағының барлық аймағында болған ГУЛАГ-тың ең ірі бөлімшелерінің бірі.

Карлагтың бұрынғы басқарма ғимараты алдында үрмелі аспаптар оркестрі ойнап тұрды. Әуелі шақыру билетімен келген адамдар ғана кірді, соңынан жұрттың бәрін кіргізді. Экскурсия бірнеше сағатқа созылды.

Гид музей қонақтарына түрме госпиталін, камераларды, азаптау бөлмесі мен Карлаг басшысының кабинетін көрсетті.

- Мынау - Карлаг басшысының кабинеті. Лагерьді әр жылдары 11 басшы басқарған. Карлагтың бірінші басшысы Отто Биннің кезінде басшылық отбасылардың бірге болуына рұқсат еткен. Әйелдер мен ерлердің бірге тұрып, жұмыс істеген кезі сол-ақ болды, - деді гид.

ТҮРМЕ ІШІНДЕ "ТІРІЛГЕН" КӨРІНІСТЕР

Бір бөлмеде артистер жас әйелді өз әкесіне қарсы куәлік беруге мәжбүрлеп жатқан көріністі қойды. Түрме күзетшісінің тұтқынды сабап жатқан сәті де бейнелі түрде көрсетілді.

Бірақ музей қызметкерлері әзірлеген шаралардың кейбірі көрсетілмей қалды. Музей директоры Светлана Байнова «Шенеуніктердің сұрауы бойынша, адамдардың психикасын жаралап, шошытпау үшін бірнеше көріністі алып тастадық» дейді. Бастапқыда «музейге келген адамдар тұтқындардың киімін киіп, олар көрген азапты өз басынан кешіреді» деп хабарланған еді. Бірақ оның бәрін музей қызметкерлері «көріп» шықты. Олар тұтқындар мен НКВД тергеушілеріне, куәгерлерге «айналып», Карлаг өмірінен қойылымдар көрсетті.
Карлаг 1931 жылы желтоқсанның 19-ы күні құрылып, 1959 жылы жабылған. Бұл - ГУЛАГ-тың ең ірі бөлімшелерінің бірі.

Келген адамдардың айтуынша, оларға ең қатты әсер еткен дүние - карцер мен лазареттегі, ерлер мен әйелдер камераларындағы азаптау көріністері және басқарма бастығының кабинеті мен вагондағы қойылымдар. Мұнда саяси тұтқындар кәнігі қылмыскерлермен бірге отырған. Гримм жаққан кейіпкерлердің өмірі көрерменді шошытты. Қонақтар лагердің қара наны мен арпадан пісірілген ботқадан дәм татты. Бұл ботқадан тұтқындар ісініп кететін болған. Ал депортация залында көрерменге құрт (тағам – ред.) берілді. Тұтқындарға жергілікті қазақтар құрт беріп, аштықтан құтқарған. Барлық қойылымдар ГУЛАГ туралы кинолар мен кітаптардағы оқиғалар бойынша көрсетілді.

Карлаг 1931 жылы желтоқсанның 19-ы күні құрылып, 1959 жылы жабылған. Бұл - ГУЛАГ-тың ең ірі бөлімшелерінің бірі. Мұнда жас баладан бастап, қарттарға дейін, сталиндік қуғын-сүргіннің мыңдаған құрбандары азап көрді.
XS
SM
MD
LG