Accessibility links

Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.

Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей әуе қорғаныс жүйесінің қатысы бар деген болжам айтылды

Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.

21:34 26.12.2024

Вице-министр: Қара жәшікті оқуға орташа есеппен екі апта уақыт кетеді

Ақтау маңында кеше құлаған ұшақтың қара жәшігін оқу мәселесін ертең келетін мамандар шешеді. Қара жәшікті оқуға орташа есеппен екі аптадай уақыт керек болады. Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтауда өткен баспасөз брифингіне Азаттық сауалына осылай жауап берді.

– Ертең мамандар келеді, қара жәшікке не істеу керегі бойынша солар шешім шығарады. Тәжірибе бойынша оған арнайы құралдар керек. Жеткізілетін уақытты алып тастасақ, [оны оқуға] орташа есеппен екі аптадай уақыт керек, – деді ол тілші сауалына.

21:25 26.12.2024

Anadolu: Әзербайжан ұшағының құлауына Ресей әуе қорғанысының қатысы бар

Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines ұшағының құлауына Ресейдің зымыран жүйесінің қатысы бар. Әзербайжанның лауазымды өкілі Түркияның Anadolu агенттігіне бұл болжамның негізді екенін растаған.

Мұның алдында халықаралық және Әзербайжанның жергілікті БАҚ-тары Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сілтеп апаттың тергеудің алғашқы қорытындысын айтқан. Аты аталмаған дереккөздің айтуынша, Бакуден шыққан ұшақ Грозныйға жете бергенде оған «Панцирь» зымыран жүйесінен шабуыл жасалған.

«Дерекке қарағанда, Ресейдің электрондық соғыс жүйелерін қолдану кесірінен әуе кемесінің коммуникация жүйесі толығымен тоқтап қалған, соның кесірінен ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде болғанда радарлардан жоғалып кеткен» делінген Anadolu агенттігінің ақпаратында.

Ол тек Каспий теңізі аумағына жеткенде радардан қайта көрінген.

21:23 26.12.2024

Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің ракетасы себеп болғаны айтылды

Алдын ала тергеу Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің ракетасы себеп болғанын анықтаған. Бұл туралы Euronews телеарнасы Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеп мәлімдеді. Одан кейін Reuters агенттігі бірнеше дереккөзіне сілтеп, апатқа Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі себеп болды деп хабарлады.

Euronews телеарнасының жазуынша, ұшақ апатына Ресейдің "жер-әуе" санатындағы ракетасы себепкер болған. Арна дереккөзінің айтуынша, Грозный аспанында дрондар жүргенде ракета да ұшырылған, зымыран аспанда ұшақтың маңында жарылып, сынықтары жолаушылар мен бортсеріктерге тиген.

Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз Euronews арнасына "бүлінген ұшаққа Ресейдің әуежайларына қонуға рұқсат етпей, рейсті Каспий теңізі арқылы Ақтауға бұрғанын" айтқан. Бұл ақпаратқа қатысты Әзербайжан, Қазақстан я Ресей үкіметі әлі ресми мәлімдеме жасамады.

18:42 26.12.2024

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған Әзербайжан азаматтарын санавиациямен әкетіп жатыр

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатқан адамдарды жедел жәрдем көлігімен алып кеткен. Оларды әрі қарай ұшақпен Әзербайжанға жеткізеді. Мұны Азаттыққа зардап шеккен азаматтардың туыстары айтты.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы. Ақтау, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы. Ақтау, 26 желтоқсан, 2024 жыл.

Ауруханадағы медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімінің басшысы Жанар Байманованың айтуынша, Әзербайжан мамандары тасымалдауға болады деген 14 адамды санавиациямен әкетуді жөн көрген. Оның бірі — бала.

Қазір төрт адам Ақтаудағы аурухананың жансақтау бөлімінде, екі адам травматология бөлімінде жатыр. Оның үшеуі – Қырғызстаннан, үшеуі – Әзербайжан азаматы.

Бейсенбі күні таңертең Ресей 9 азаматын – 8 ересек адам мен 1 баланы ұшақпен Ақтаудан Мәскеуге алып кеткен.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG