Accessibility links

Астанада дәмханадағы жарылыстан алты адам зардап шекті


Астанадағы дәмханада жарылыс болып, алты адам зардап шекті деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі. ТЖМ мәліметінше, газ баллоны жарылып, екі қабатты тұрғын үйге қосылып салынған ғимарат опырылып, өртенген.

"Қираған аумақтың көлемі шамамен 60 шаршы метр, өрт аумағы – 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. Алты адам шұғыл медициналық көмек бригадасына тапсырылды" деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Жарылыс Астананың Алматы ауданында болған.

Ведомствоның хабарлауынша, құтқарушылар төрт дана 50 литрлік тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз орынға әкеткен.

Оқиға орнында мамандар үйінділерді тазартып жатыр.

XS
SM
MD
LG