Accessibility links

Зеленский: Ресеймен келіссөз жасауымыз мүмкін, бірақ бірқатар шарт орындалуы керек


Зеленский мен Трамп. Желтоқсан 2024 жыл.
Зеленский мен Трамп. Желтоқсан 2024 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында егер Ресеймен келіссөз "мықты позицияда" жүргізілген жағдайда ғана оған қатысатынын мәлімдеді. Ол үшін АҚШ Украина қауіпсіздігіне тиісті кепілдік беруі керек.

"Егер Дональд Трамп Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік бере алса, біз онда дипломатиялық жолмен жүретін боламыз", - деді Зеленский.

Украина президентінің сөзінше, Ресей әскерін кемінде 2022 жылы 24 ақпанда басып кірген кездегі сызыққа дейін шығару - бейбіт келіссөзді бастаудың әділ шарты болар еді. Алайда Зеленскийдің сөзіне қарағанда, мәселе онсыз келіссөзді бастауға болмайды деген міндетті шарт жөнінде болып отырған жоқ.

Қазір Украинада Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге тыйым салынғаны туралы жарлық күшінде. Ал өз кезегінде Путин Украина Мәскеу аннексиялап алған төрт облыстан әскерін алып кеткен жағдайда ғана келіссөзге дайын екенін айтқан.

Зеленский Bloomberg-ке берген сұхбатында сонымен бірге Украина ықтимал келіссөзде АҚШ және өзге де одақтастармен бірге бірігіп әрекет етуі керек және Украинадағы соғыстың аяқталуы "Путинге емес, Трамп үшін жеңіс саналуы" керек деп айтқан.

Украина президентінің сөзінше, бейбіт келіссөз Путинге біраз уақыттан кейін қайтадан басқыншылықты бастауға жол ашпауы керек.

"Путиннің сөзіне де, оның қолына да сенуге болмайды" деді ол. Бұған дейін Зеленский соғыстың қайта жалғаспайтындығына кепілдік ретінде Украинаға Батыс елдерінің бітімгер әскерін орналастыру қажеттігін айтқан.

Жуырда Трамп Путинге "келісімге келіп", соғысты аяқтауға шақырған. Оның сөзінше, егер Ресей бас тартса, АҚШ оған қарсы салық пен санкция салатынын айтқан. Дегенмен Трамп ұсынылатын "келісімнің" жай-жапсарына тоқталмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG