Accessibility links

Қызылордада "оқушы қызды жыныстық құлдықта ұстағандар ісі": 13 күдікті анықталып, 11-і қамалған


Қызылорда қаласының орталық алаңы.
Қызылорда қаласының орталық алаңы.

Қызылордада "оқушы қызды жыныстық құлдықта ұстады" деп күдікке ілінген 13 адам анықталып, 11-і қамауға алынған. Бұл жөнінде 19 қыркүйекте ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. Оның сөзінен Informburo сайты үзінді келтірді.

"13 адам анықталды, 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта. Қазіргі кезде бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған. Басқа жайттарды айта алмаймын, себебі қылмыстық іс аясында бұл енді тергеушінің құзырында" деді Лепеха сенат кулуарында журналистерге.

Оның сөзінше, оқушы қызды жыныстық құлдыққа тартқандар мен зорлық-зомбылықты ұйымдастырғандар қамалған. Вице-министр ұсталғандардың қаншасы кәмелетке толмағанын ашып айтпады.

"Мұнымен тергеу айналысып жатыр. Барлығын тексереміз" деді Лепеха.

Қызылордада сыныптастары бірнеше ай бойы жезөкшелікке күштеген қыздың хикаясы шамамен бір ай бұрын бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген. Полиция сол кезде кәмелетке толмаған сегіз жасөспірімді ұстағанын хабарлаған еді.

Осыған дейін ІІМ "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру я оларды ұстау", "Бопсалау", "Есірткі, психотроптық заттар қолдануға көндiру", "Қинау", "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша мiндеттердi орындамау" баптары бойынша тергеу жүріп жатқанын айтқан.

Министрлік жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тексерістен кейін Қызылорда облысы полиция департаментінің бірқатар қызметкері тәртіптік жауапқа тартылғанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG