Accessibility links

Ресей әскері Курск облысында қарымта шабуыл бастады


Курск облысындағы қақтығыс.
Курск облысындағы қақтығыс.

Украиналық әскери Deep State сайтының жазуынша, Ресей әскері Курск облысында қарымта шабуылға шығып жатыр. Сайт Ресей облыстағы Кореневский ауданында алға жылжығанын айтады.

Deep State таратқан ақпаратқа қарағанда, Ресей "темір сауытты техникаларын Сейм өзені мен басқа да ұсақ өзендер арқылы өткізіп", шабуыл бастаған. Ресейлік z-блогерлер Курск облысындағы Снагость ауылында да қақтығыс болып жатқанын, Ресей әскері Кореневский ауданында сегіз ауылды қайтарғанын жазды.

Соғыс уақытында мұндай деректерді тексеру қиын. Ал Украина тарабы Ресейдің Курск облысындағы қарымта шабуылы жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Украина 6 тамызда Ресейдің Курск облысына шабуыл бастап, жүзге жуық елді мекенді басып алғанын айтқан. Бұл шабуылдан соң Ресей билігі облыстан 120 мың адам эвакуацияланған. Бұған қоса, Украина Курск облысында Сейм өзенінен өтетін бірнеше көпірді қиратқан еді.

Америкалық ақпарат құралдары Ресей Курск облысындағы елді мекендерді қайтару үшін 50 мыңға жуық сарбаз керек болады деп жазған еді. Америка орталық барлау басқармасы (ЦРУ) басшысының орынбасары Дэвид Коэн Ресей президенті Владимир Путин Курск облысында міндетті түрде қарымта шабуылға шығып, басып алынған жерлерді қайтаруға тырысады деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG