Accessibility links

"Ақ жол" партиясының төрағасы өз орынбасары ұсталғанын растады


"Ақ жол" партиясының лидері Азат Перуашев.
"Ақ жол" партиясының лидері Азат Перуашев.

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғанын растады. Оның мәжіліс кулуарында айтқан сөзін қазақстандық басылымдар таратып жатыр.

"БАҚ беттерінде ақпарат тарағанымен, ресми мәлімдеме болған жоқ еді. Жұма күні ҰҚК-ға ресми сауалнама жолдаған едік. Кеше (10 қыркүйекте – Ред.) Васильевтің ұсталғаны жайлы ресми жауап алдық. Оның адвокатымен хабарласуға тырысқанымызбен әзірге жауап жоқ. Бірақ бүгін-ертең оны табармыз. Сол адвокаттан алған ақпараттан соң не болғанын білеміз" деді ол.

Перуашевтің сөзін "Информбюро" сайты жариялады.

Оның сөзінше, қызметтік жазба тарап кетіп, ұлттық ұланның қызметкеріне "пара алды" деген айып тағылған.

"Бұл жерде не болғанын түсіну керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша пара беруге мәжбүр болған адам қылмыскер саналмайды. Параны кім бергенін, Васильев берді ме, әлде оны алдады ма, соны білу керек" деді Перуашев.

Қыркүйектің басында жергілікті басылымдар "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев пен ұлттық ұлан басшысының орынбасары, генерал-майор Константин Воронкиннің ұсталғанын жазған. Желіде Константин Воронкин Дмитрий Васильев пен оның басқаруындағы компания директорынан пара алды деген ақпарат тараған.

ІІМ ұлттық ұлан қолбасшысының бір орынбасары ұсталғанын растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG