Accessibility links

АЭС бойынша референдумда қойылатын сұрақ анықталды


Алматы қаласындағы №253 референдум учаскесінде дауыс беріп тұрған адам. 5 маусым, 2022 жыл. (Азаттық архивіндегі фото.)
Алматы қаласындағы №253 референдум учаскесінде дауыс беріп тұрған адам. 5 маусым, 2022 жыл. (Азаттық архивіндегі фото.)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 6 қазанда референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. 2 қыркүйек кешке Ақорда сайтында жарлық мәтіні жарияланды. Онда референдумда дауыс беретін Қазақстан азаматтарына қойылатын сұрақ та жазылған.

Жарлыққа сәйкес, референдумға "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сауал шығарылмақ.

2 қыркүйекте Қазақстан астанасында парламенттің жаңа сессиясы ашылды. Парламент сенаты мен мәжілістің бірлескен отырысында халыққа жолдауын жариялаған президент Тоқаев елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне байланысты референдум биыл 6 қазанда өтеді деп мәлімдеді.

Тоқаев АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу қоғамда бір жылдан бері талқыланып жатқанын айтып, бұл "азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім" деді.

Қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде жиынтығы "200-ге жуық" АЭС барын айтқан президент, "бұл қуат көзі ел экономикасының ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді" деді.

Билік АЭС тақырыбына референдум өткізілетінін айтып жүргені қазір ғана емес. Қоғамда қарама-қайшы пікір тудыраған бұл мәселе 1990 жылдардың аяғынан бері айтылып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік басына келген 2019 жылы Мәскеуге барғаннан кейін — жаңа қызметінде шетелге шыққан бірінші сапарынан соң Қазақстанда АЭС құрылысын салу мәселесі жиі қозғалатын болды. Сол жолы Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда ресейлік технология бойынша АЭС салуды ұсынған еді. Арада екі жыл өткенде, Көкшетауда өткен өңіраралық әріптестік форумында Путин Ресей Қазақстанға АЭС құрылысын салып, оны пайдалануға атсалысуға және қолдауға әзір екенін айтты.

27 тамызда үкімет республикалық референдум өткізу туралы жарлық жобасын мақұлдаған. Тоқаев бұған дейін референдум қазақстандықтардың АЭС салуды жақтайтынын не оған қарсы екенін анықтауға мүмкіндік береді деген еді.

Партиялар АЭС-ті қолдай ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:11:03 0:00

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбі күні журналистерге Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізу жоспарын әзірлеп жатыр деп хабарлады.

2024 жылы Қазақстанның барлық ірі қаласында АЭС салу тақырыбына қоғам талқысы ұйымдастырылып өткізілді. Үкімет сарапшылары ядролық энергия көмірмен жұмыс істейтін станциямен салыстырғанда таза қуаты көзі деп мәлімдеген.

Қоғамда АЭС салуға қарсылар мұндай жоба тым қымбатқа түсетінін, оған шетелдік технологиялар қажет болатынын айтып жүр. Олар бұл кейін Қазақстанды АЭС салған шет мемлекетке кіріптар етіп қоюы мүмкін деп ескертеді .

2023 жылы Алматы облысында Балқаш көлінің жағалауында орналасқан Үлкен ауылында АЭС салу тақырыбына қоғам талқысы өткен. Бұл ауыл АЭС құрылысы салынуы ықтимал негізгі орын саналады.

Ресми деректер бойынша, Қазақстан АЭС салуда қай елмен серіктес болатынын әлі шешпеген. Үкімет тізімінде Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресей бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG