Accessibility links

Ресей Украинаның Харьков қаласына соққы жасады, 40-тан астам адам жарақат алды


Харьковке 30 тамыз күні жасалған шабуылдың салдары.
Харьковке 30 тамыз күні жасалған шабуылдың салдары.

Жексенбі, 1 қыркүйек күні Ресей әскері Харьков қаласына ракетамен соққы жасады. Бұл туралы қала әкімшілігі хабарлады. Кейінгі ақпаратқа қарағанда, 40-тан астам адам жарақат алған.

Харьков мэрі Игорь Тереховтің сөзінше, бір ракета тұрғын үйлер салынған ауданға түскен. Салдарынан супермаркетте өрт шыққан.

Облыстың әскери әкімшілігін басқаратын Олег Синегубов азаматтық инфрақұрылымға залал келтірілгенін айтты. Оның ішінде спорт кешені мен "Жаңа пошта" бөлімі бар.

Украин басылымдарының хабарлауынша, Харьковтағы ең үлкен спорт кешені – Спорт сарайына да соққы жасалған. Тараған фото және видеоларға қарағанда кешен едәуір бүлінген.

Украина президенті Владимир Зеленский соққының салдарын көрсететін видео жариялады.

Жапа шеккен 40 адамның бесеуі бала, кемі екеуі медицина қызметкері. Әзірге кімде-кім қаза тапты деген хабар тарамады.

Ресей әскері бұл шабуыл жөнінде әлі мәлімдеме жасамады. Әскери блогерлер шабуыл украин әскері шоғырланған нысандарға жасалды деді, бірақ оған дәлел келтірген жоқ.

Кеше Харьковте Ресейдің 30 тамыздағы әуе шабуылынан қаза тапқандарды аза тұту күні болған. Ол шабуылдан 12-қабатты тұрғын үй бүлінген, алты адам қаза тапқаны, соның бірі 14 жасар қыз болған. Мерт болғандардың бірі – 18 жастағы украин суретшісі Вероника Кожушко. Жарақат алғандар саны 97-ге жеткен.

Кейінгі айларда Харьков шабуылға жиі ұшырап келеді. Ресей бұл қаланы ракетамен де, бағыты өзгертіліп отыратын әуе бомбамен де атқылады. Салдарынан қала тұрғындары опат болып, жарақат алып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG