Accessibility links

Украина аумағында дабыл қосылды: Ресей дрондар мен ракеталар ұшырды


Украинаның Харьков қаласына жасалған шабуыл. Архивтегі сурет.
Украинаның Харьков қаласына жасалған шабуыл. Архивтегі сурет.

26 тамызда Украинаның бүкіл аймағында түн мезгілінен бастап әуе дабылы қосылды. Украинадағы әуе дабылына байланысты картаға сәйкес, елдегі 12 облыс пен Киевте жарылыс болды деген хабар тарады.

Украина әуе күштерінің мәліметінше, Ресей Украинадағы нысандарға дрондар ұшырып, әуеге бомбалаушы ұшақтарын көтерген.

Шабуылдан Волынь облысындағы Луцк қаласында бір адам қаза тауып, көппәтерлі үй мен инфрақұрылым нысаны бүлінді деп хабарлады қала басшылығы.

Полтава облысында өнеркәсіп нысанына әуеден жасалған шабуылдан бес адам зардап шекті деп мәлімдеді аймақ басшысы. Облыста екі жарылыс болған.

Винница облысында кеміде төрт жарылыс, Днепропетровск, Запорожье, Киев, Львов және Хмельницк облыстарында екі-екіден жарылыс тіркелген. Бұл аймақтарда зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.

"Ресейліктердің біздің энергетикамызды жоямыз деген ойы олардың инфрақұрылымына қымбатқа түседі", – деп жазды Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак. Жаппай шабуыл салдарынан "Укрэнерго" электр қуатын дереу өшіруге көшті. Украинаның ұлттық телемарафоны эфирінде жарық сөніп қалды.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл шабуылдарға байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Ресейдің "РИА Новости" агенттігі Ресей әскері "Украинадағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені нысандарына жаппай соққы берді" деп жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG