Accessibility links

Ресейдің Воронеж облысында жарылысқа байланысты 600-ден астам адам үйлерін тастап кетті


Ресейдің Воронеж облысы Острогожский ауданында оқ-дәрі қоймасының жарылуына байланысты 600-ден астам тұрғын үйлерін тастап кетті. Бұл жөнінде аймақ үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқ-дәрі қоймасы 24 тамызға қараған түні украин дрондарының шабуылынан кейін өртенген.

Құтқарушылар халықты қоныстыратын бірнеше пункт ашқан. Алайда тұрғындардың барлығы-дерлік туыстарына кеткен.

25 тамыз күні таңертеңгі хабарламада "жарылғыш заттардың іске қосылуы тоқтады" және оқиға орнында минадан тазартатын мамандар жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Осылайша қоймадағы жарылыстар бір күннен астам уақытқа созылды деп жазды "Сибирь.Реалии" сайты.

Тұрғындар кеткен елді мекендерге кіруге тыйым салынған. Кейбір жерде төтенше жағдай режимі әлі күшінде.

Қойма өртенген кезде екі тұрғын зардап шеккен - бірі ауыр жағдайда ауруханаға түскен, екіншісіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

  • 24 тамызға қараған түні Ресейдің Воронеж облысына кемінде екі рет дронмен шабуыл жасалған. Аймақтың губернаторы Александр Гусевтің сөзінше, дрондар құлатылған, оның бөлшектері құлаған жерден өрт шыққан. Соның салдарынан оқ-дәрілер іске қосылып, жарыла бастаған.
  • Ресей Украинаға басып кіргелі бері Ресейдің Украинамен шекаралары жиі атқыланып, дрон шабуылына ұшырап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі шабуылға тойтарыс беріп жатқанын хабарлап келеді. Алайда жергілікті БАҚ пен билік ғимараттар қирағанын, адамдар зардап шеккенін хабарлаған. Украина жағы мұндай ақпаратарға көп жағдайда түсініктеме бермейді.
XS
SM
MD
LG