Accessibility links

Байден Конгресті қару сатуды шектеуге шақырды


АҚШ президенті Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден

АҚШ мемлекет басшысы Джо Байден президенттікке үміткер Дональд Трампқа шабуыл жасалғаннан кейін Конгрессті AR-15 үлгісіндегі қаруды еркін сатуға тыйым салуға шақырды.

Трампқа шабуылда қарудың осы түрі қолданылғаны белгілі болған.

"Дональд Трампқа оқ атуда AR-15 үлгісіндегі мылтық (винтовка) қолданылған. Бұл өте көп адамды, оның ішінде балаларды өлтірген қару. Оған тыйым салатын уақыт келді", - деді Байден Лас-Вегастағы митингте.

Өз кезегінде республикашылдар, оның ішінде Дональд Трамп оған қарсы болып, қарулы адам қылмыскерлерге қарсылық көрсете алады дейді. Конгресс республикашылдардың қолдауынсыз AR-15 мылтығын ашық сатуға тыйым сала алмайды.

Дональд Трамп 13 шілдеде Батлер қаласында жақтастарымен кездесу кезінде құлағын оқ жанап өтіп, жеңіл жарақат алған. Оқ атқан адамды қосқанда екі адам қаза болып, тағы екі адам ауыр жарақаттанған. ФБР бұл оқиғаны зерттеп жатқанын мәлімдеді. Оқ атқан адам 20 жастағы Томас Мэтью Крукс екені айтылған. Оның оқ атуына не себеп болғаны белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG