Accessibility links

Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан сегіз адам мерт болды


Абшыр-Сай демалыс аймағында тұйықта қалып қойған жүздеген адамды қауіпсіз жерге көшірді. Қырғызстан, Ош облысы, 29 маусым, 2024 жыл.
Абшыр-Сай демалыс аймағында тұйықта қалып қойған жүздеген адамды қауіпсіз жерге көшірді. Қырғызстан, Ош облысы, 29 маусым, 2024 жыл.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысы Науқат (қырғызша Ноокат) ауданында 29 маусымда тағы бір әйел өлі табылғанын хабарлады. Бұл адам кім екені анықталып жатыр. Тасқын салдарынан опат болғандар саны сегіз адамға жетті.

Қазаға ұшыраған сегіз адамның алтауы – 8 бен 19 жас аралығындағы жақын туыстар деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Жұма, 28 маусым күні түстен кейін Науқат ауданындағы лай аралас топырақ көшіп, тасқын су үйлердің ауласын басып, жолдарды бүлдірді.

Таулы жердегі Абшыр-Сай демалыс аймағындағы жалғыз жолды тасқын шайып кеткен соң, 1300-ге жуық адам тұйық жерде қалып қойды. Кейін оларды қауіпсіз жерге көшірді.

Науқат ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.

Абшыр-Сай демалыс аймағындағы жалғыз жолды тасқын шайып кеткен соң, 1300-ге жуық адам тұйық жерде қалып қойды. Кейін оларды қауіпсіз жерге көшірді. 29 маусым, 2024 жыл.
Абшыр-Сай демалыс аймағындағы жалғыз жолды тасқын шайып кеткен соң, 1300-ге жуық адам тұйық жерде қалып қойды. Кейін оларды қауіпсіз жерге көшірді. 29 маусым, 2024 жыл.

29 маусым кешке Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ноокат ауданында болған тасқыннан, және де Баткен мен Жалал-Абад облыстарында осыған ұқсас төтенше жағдайлар салдарынан мерт болған адамдардың туған-туыстарына көңіл айтты. Ол зардап шеккендердің барлығына жәрдем берілетінін мәлімдеп, төтенше оқиға кезінде құтқарушыларға көмектескен азаматтарға алғыс білдірді.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 28 маусым мен 2 шілде аралығында қалың жаңбыр жауып, тасқын тудыру қаупі барын ескертті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG