Accessibility links

АҚШ Украинаға 150 млн доллардың әуе қорғанысы жабдығы мен оқ-дәрілер жібермек


MIM-23 Hawk әуе қорғанысы қаруы
MIM-23 Hawk әуе қорғанысы қаруы

АҚШ Украинаға 150 миллион доллардың қару-жарағы мен оқ-дәрісін береді. Жаңа көмек пакетіне Hawk әуе қорғанысы тұтқыштары мен калибрі 155 миллиметрлік артиллериялық оқ-дәрі кіреді. Бұл туралы Ақ үйдің екі өкілі айтты, деп хабарлады Reuters.

Дереккөздердің сөзіне қарағанда, Киевке қорғаныс көмегінің жаңа пакеті туралы ресми хабарландыру алдағы дүйсенбі, 1 шілдеде жарияланбақ.

Вашинстон Киевтің әуе қорғанысын қолдау туралы өтінішіне құлақ асып отыр, өйткені кейінгі апталарда Ресей Украинаның энергетика нысандарына ракетамен шабуылды жиілеткен.

  • 2022 жылы АҚШ Украинаға Hawk тұтқыштарын қолға алып жүретін Stinger зениттік зымыран кешеніне қоса жібере бастаған.
  • MIM-23 Hawk әуе қорғанысы тұтқышы 1950-жылдары қолданысқа түсіп, содан бергі өткен кезең ішінде зымыран шабуылына төтеп беретін құрал ретінде жетілдірілді. Пентагонның дерегінше, бұл әуе қорғанысы жүйесі 10-нан астам елге экспортталған.
  • АҚШ Украинаға 2022 жылдан бері 50 миллиарды әскери көмек ретінде берді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG