Accessibility links

СІМ Помпейде Қазақстан азаматы вандализм жасап ұсталғанын растады


Қазақстан сыртқы істер министрлігі Италияда Помпейдегі сәулет ескерткішіне залал келтірген Қазақстан азаматы ұсталғанын растады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Қазақстаннан барған турист Помпей археологиялық саябағындағы Цей үйінің қабырғасына ALI деп жазып кеткен. Оны сенбі, 22 маусымда қауіпсіздік қызметінің және тіркеу қызметкерлері тоқтатқан. Бұл туралы Euronews жазды.

"Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазған азаматымыз ұсталды. Құқық қорғау органдарында қажет рәсімдердің бәрін аяқтаған соң оны босатты", – деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстан cыртқы істер министрлігі.

СІМ Қазақстан азаматына байланысты алдағы уақытта әкімшілік тәртіппен сот талқылауы болады деді.

Қауіпсіздік қызметі Қазақстаннан барған туристі Цей үйіндегі қабырғаға ALI деп жазған соң ұстаған, бұл ғимарат самнит дәуірінде (б.з. д. II ғасыр) салынған.

Археологиялық саябақ әкімшілігі турист қабырғаны бүлдіргені үшін ақы төлеуі керек деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG