Accessibility links

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды


Нұрлан Ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев

Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы 4 шілдеде Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде белгілі болды.

Ол бұл қызметті 2025-2027 жылдары атқарады. Ермекбаев бұған дейін Қазақстан қорғаныс министрі болған еді, 2021 жылы тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан соң министрліктен кеткен.

Әскери қоймадағы жарылыстан 17 адам қаза тапты, жүзге тарта адам жарақат алды. Қаза тапқандардың бәрі – қорғаныс министрлігі мен төтенше жағдай министрлігі өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері.

Ермекбаев 2016-2018 жылдары дін істері және азаматтық қоғам министрі болған. 2018 жылдың сәуірінен тамызына дейін Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі, елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған. 2018 жылы тамызда қорғаныс министрлігіне келген.

2001-2004 жылдары Қытайда және Сингапурде дипломатиялық қызметтер атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG