Accessibility links

Ресей Харьковтен кейін Киев облысын зымыранмен атқылады


Ресей бомбалаған тұрғын-үй орнында жұмыс істеп жатқан сапер. Харьков, 22 маусым 2024 жыл
Ресей бомбалаған тұрғын-үй орнында жұмыс істеп жатқан сапер. Харьков, 22 маусым 2024 жыл

23 маусымның таңында Ресей Украинаның Киев облысына үш зымыран ұшырды. Украина әуе күштері Киев облысын нысанаға алған үш зымыранның екеуін атып түсіргенін хабарлады. Үшінші зымыраннан қандай зардап болғаны белгісіз.

Содан бір күн бұрын ғана Ресей күштері Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков қаласын бомбалаған. Харьковтегі бомбалаудан қаза тапқандар саны артып жатыр.

Сол күні Ресей Украинаның энергетика инфрақұрылымын істен шығару үшін көп көлемде дрон ұшырған. Шабуыл кезінде Запорожье және Львов облысында жарық жүйелері бүлінген деді Укрэнерго мекемесі.

Укрэнергоның мәлімдеуінше, бұл – кейінгі үш айда Украина энергетика секторын нысанаға алған сегізінші ауқымды шабуыл.

Украинаның екінші ірі қаласы – Харьковтегі тұрғын-үйдің бомбалануы бұдан бөлек қарастырылып отыр. Харьков Ресей шекарасынан 30 шақырым жерде орналасқан.

Харьковтегі бомбалаудан үш азамат қаза тапты, кемі 56 адам жарақат алды деп хабарлады Украина ішкі істер министрлігі.

22 маусымдағы үндеуінде Украина президенті Владимир Зеленский кейінгі айда Ресей Украинаға 2400-ден астам бағдарланатын бомба тастады, оның ішінде 700-ге тарта бомба Харьковке түскен деп мәлімдеді.

Зеленский Батыс елдерінен Украина әуесін қорғауға қосымша көмек тағы да сұрады. Ол сұраған қару Ресейдің жойғыш ұшақтарын тұрған жерінде қиратуға қажет.

23 маусым күні Ресей лауазымды қызметкерлері Украина Ресей аумағына ондаған дронмен шабуылдады деп мәлімдеді. Ресейдің Брянск облысында 30-дан астам дрон жойылды деп мәлімдеді облыс билігі.

Ресейдің Смоленск облысында саны аталмаған дрон атып түсірілген. Бұл туралы Ресей батысындағы Смоленск облысының билігі хабарлады.

Ресей билігі кісі қазасы туралы хабар айта қоймады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG