Accessibility links

Германия Ресейге салынатын санкцияларды тағы тежеді


Еуроодақ елдері Ресейге салынатын 14-санкция пакетін қабылдай алмады, бұған осы процесті созып жатқан Германияның әрекеті себеп болды. Бұл туралы сәрсенбі, 19 маусымда Reuters агенттігіне ЕО дипломаттары хабарлаған.

Жаңа санкцияда Ресейде сұйылтылған табиғи газды ауыстырып тиеуге тыйым салу және еуропалық компанияларды оның үшінші елдердегі еншілес компаниялары мен серіктестері санкция бұзғаны үшін жауапқа тарту көзделген еді.

Дипломатиялық дереккөздердің мәліметінше, Германия тарапы сын айтқан соң қорытынды құжаттан Еуропа операторлары туралы санкция бөлігі алынып тасталған.

Бұл ереже экспорттаушыларды еуропалық компанияларға бақылау қиынға соғатын үшінші елдердегі серіктестердің әрекеттері үшін жауап беруге мәжбүр етер еді.

2022 жылы Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағалы Еуроодақ Мәскеуге қарсы санкцияларды үнемі күшейтіп келеді. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, оны ресейлік энергия тасымалдаушылардың үшінші елдер арқылы санкцияларды айналып өтіп отырғаны бұзып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG