Accessibility links

БҰҰ Бас ассамблеясы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес жаңа бес мүшесін сайлады


БҰҰ Бас ассамблеясының мәжіліс залы.
БҰҰ Бас ассамблеясының мәжіліс залы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы бейсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде Пәкістан, Сомали, Панама, Дания және Грецияны сайлады. Олардың екі жылдық қызметі 2025 жылғы 1 қаңтарда басталады. Аталған мемлекеттер Эквадор, Жапония, Мальта, Швейцария мен Мозамбиктің орнына келмек.

Қауіпсіздік кеңесі – БҰҰ-дағы санкция салу және күш қолдануға рұқсат беру сияқты заңды күші бар шешімдер қабылдай алатын жалғыз орган.

Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты мүше мәртебесі бар бес ел – АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қытай – вето құқығына ие. Кеңестің басқа мүшелері тұрақты емес, оның қатарындағы бесеуі жыл сайын жаңадан сайланып отырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG