Accessibility links

АҚШ астронавтар мінген "Старлайнер" жаңа ғарыш кемесін ұшырды


АҚШ-тың Канаверал мүйісінде "Старлайнер" ғарыш кемесін ұшырған сәт. 5 маусым, 2024 жыл.
АҚШ-тың Канаверал мүйісінде "Старлайнер" ғарыш кемесін ұшырған сәт. 5 маусым, 2024 жыл.

АҚШ-та "Старлайнер" атты қайта пайдалануға болатын жаңа ғарыш кемесі алғаш рет астронавтарды алып, ғарышқа ұшты. "Атлас-5" зымыран тасығышы 5 маусымда Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан көкке самғағанын NASA-ның YouTube-тегі арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Жаңа кеме Халықаралық ғарыш станциясына астронавтар Батч Уилмор мен Суни Уильямсты жеткізуі тиіс. Бұдан бөлек, станцияда несеп өңдейтін құрылғы бұзылған, кеме оған сорғы апара жатыр.

Жоспар бойынша, кеме ғарыш станциясына бір күнде жетуі тиіс, экипаж ол жақта бір аптаға жуық "Старлайнер" сынақтарын өткізбек. Астронавтар жерге оралатын капсула бұған дейін сынақ кезінде ғарышта болған, ол "Калипсо" деп аталып кетті.

"Старлайнерді" Халықаралық ғарыш станциясына америкалық ғарышкерлерді жеткізе алатын жеке кемелерді әзірлеуді қолдайтын NASA бағдарламасы аясында Boeing корпорациясы жасап шығарды. Ол SpaceX корпорациясының "Крю Дрэгон" және ресейлік "Союз" кемелеріне бәсекелес саналады.

Бағдарламаны дайындау кезінде қиындықтар болған, әуелгі кезде оны 2020 жылы ұшырады деп жоспарлаған еді.

2019 жылы желтоқсанда экипажсыз өткен алғашқы сынақ рейсі сәтсіз аяқталды. Ол кезде бағдарламамен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты кеме жоспардағы орбитаға жете алмаған. Бұл жолы оны үшінші рет ұшырып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG