Accessibility links

Нидерланд Украинаға F-16 ұшағымен Ресей нысандарына шабуылдауға рұқсат етті


Румыния әскери-әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы Baza 86 әскери базасының үстінен ұшып бара жатыр. 13 қараша, 2023 жыл.
Румыния әскери-әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы Baza 86 әскери базасының үстінен ұшып бара жатыр. 13 қараша, 2023 жыл.

Нидерланд Украинаға беретін 24 дана F-16 жойғыш ұшақты Ресейдегі нысандарға соққы жасауға пайдалануға рұқсат етті. Бұл туралы Politico журналына берген сұхбатында елдің қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен айтқан.

"[Украинаға қару-жарақ] жеткізу бойынша бір қағиданы ұстанамыз, Украинаға қару бергеннен кейін ол соның меншігіне айналады", – деді министр.

Оллонгреннің сөзінше, Нидерланд билігі Украинаға Бельгия сияқты шектеулер қоймайды. Бұған дейін Брюссель Украинаға F-16 ұшағын Ресей әуе кеңістігінде пайдалануға жол бермейтінін ескерткен. Бельгия 2028 жылға дейін Украинаға осындай 30 ұшақ беруге уәде айтқан еді.

"Олардан БҰҰ жарғысында бекітілген халықаралық және өзін-өзі қорғау құқығын сақтауды сұраймыз, яғни олар оны өзін қорғау аясында қажет әскери мақсатқа жетуге пайдаланады", – деді Кайса Оллонгрен.

Бұған дейін Дания билігі Украинаға жіберетін F-16 ұшақтарын Ресейдегі нысандарға шабуылдауға қолдануға қарсы емесін айтқан. Копенгаген Киевке 19 ұшақ беретінін хабарлады. Норвегия да Украинаға АҚШ-тың F-16 ұшақтарын жіберуге уәде берген.

Биыл мамырдың аяғына қарай украин ұшқыштарының бірінші легі АҚШ-та F-16 ұшағын басқару бойынша оқуын аяқтады. Олар 2023 жылғы қазаннан бастап Аризона штатының Туксон қаласындағы ұлттық гвардияның 162-ші әскери-әуе базасында жаттыққан. Оқу аяқталған соң ұшқыштар қосымша дайындықтан өтуге Еуропаға аттанды.

2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға соғыс бастағалы Киев Батыс елдерінен F-16 жойғыш ұшақтарын беруді сұрап келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG