Accessibility links

Құлсарыда алаңға келген жедел жәрдем жолын полиция бөгеді деген хабар тарады


Жылыой аудандық әкімдігі алдындағы алаң. Үй-жайын тасқын су бұзып кеткен адамдар бірнеше күннен бері осы жерде жиналып, үкіметтен өтемақы талап етіп жүр. Атырау облысы Құлсары қаласы, 17 мамыр 2024 жыл.
Жылыой аудандық әкімдігі алдындағы алаң. Үй-жайын тасқын су бұзып кеткен адамдар бірнеше күннен бері осы жерде жиналып, үкіметтен өтемақы талап етіп жүр. Атырау облысы Құлсары қаласы, 17 мамыр 2024 жыл.

20 мамырда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы әкімдік алдында өтемақы мәселесі бойынша наразылықта тұрған тұрғынның жағдайы нашарлап, құлап қалды. Наразылардың айтуынша, жолды қоршаған қауіпсіздік қызметкерлері жедел жәрдемді "бес минуттан астам уақыт" жібермеген.

Құлсары тұрғындарының Азаттыққа жіберген видеосында әкімдік алдына қойылған шатыр маңында тұрғындар мен жедел жәрдем қызметкерлерінің бір әйелге көмектесіп жатқаны көрінеді. Әйелдер денсаулығы нашарлады деген тұрғынды ұстап тұр.

"Бүгін, 20 мамырда Құлсары қаласында бір келіншек құлап жатыр. Жол полициясы жедел жәрдемді қайта-қайта тексеріп, жіберіп болмады" дейді видеодағы тұрғынның бірі.

Тұрғындар жолды жапқан полиция қызметкерлері мен прокурорға наразылығын айтты. "Адам талып қалды, жедел жәрдемді неге ұстап тұрсыздар? 5 минут ұстадыңыздар, халық көріп тұр" дейді жергілікті тұрғынның бірі. Прокуратура қызметкерінің жанында бірнеше полицей болды.

Жылыой ауданы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Есім тұрғындарға полиция жедел жәрдем көлігін ұстаған жоқ деп, кейін "өткіздік" деп айтты. Полицейлердің айтуынша, олар "жедел жәрдемнің қайда келгенін сұрауға міндетті", оның айтуынша, тексеру 2 минутқа созылған.

Құлсары – тасқыннан ең көп зардап шеккен елдімекеннің бірі. Қала тұрғындары тасқын су қиратқан үйлерінің орнына жаңадан салынатын баспаналардың шаршы метрін 400 мың теңгеден есептеп, қаражатты қолға беруді бес күннен бері талап етіп жатыр.

Әкімдік өкілдері тұрғындардың өтініші негізсіз екенін, қалада үйдің нарықтық бағасы олар сұрағаннан төмен екенін айтып, үйлердің әрбір шаршы метрі заңға сәйкес 200-240 мың теңгеден бағаланады деп отыр. Тұрғындардың алды осы көлемдегі өтемақысын алып жатыр деген ресми ақпарат тарады.

16 мамырда наразы тұрғындар ортасына келген Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов екі сағат сөз сөйлеп, халықты сабырға шақырған. Бұған қоса ол қираған үйдің шаршы метрі неге 400 мыңнан болуы керек екенін негіздеп берсе, "оны қарастыруға дайын екенін" мәлімдеген. Оның айтуынша, тіпті ең қымбат деген Атырау қаласының өзінде үйдің бағасы мұндай тұрмайды. Азаттық сөйлескен құлсарылықтардың кейбірі ақша алса, Атыраудан не басқа қаладан үй сатып алуға ниетті екенін айтқан.

Құлсары тұрғындары 400 мың теңге дегенді қайдан алды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:08 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG