Accessibility links

Дағыстандағы шабуылдан 15 полицей қаза тапқан


Дербент қаласы.
Дербент қаласы.

Дағыстанда синагога, шіркеу және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалған шабуылдардан кейін 20-ға жуық адам қаза тапты, оның 15-і – полиция қызметкері.

Қазаға ұшырағандар арасында протоиерей Николай Котельников бар, ол Дербенттегі шіркеуде істеген. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов мәлімдеді. Дағыстан ішкі істер министрлігі 16 адам зардап шекті деп хабарлады: 13 полицей және үш азамат, оларды да ауруханаға жатқызған.

Махачқала мен Дербентте терроризмге қарсы операция қарсаңында жарияланған белсенді кезең аяқталып, шабуыл жасаған алты адам қаза тапты деп хабарлады Дағыстан басшысы. Тергеу комитеті шабуылға байланысты қылмыстық іс қозғаған.

23 маусымда Дербентте автоматпен қаруланған белгісіз біреулер синагога мен шіркеуді атқылаған. Шабуылдан кейін синагогада өрт шықты. Сол уақытта Дағыстан астанасы Махачқалада белгісіз адамдар жол полициясы қызметіне шабуыл жасаған. Бірнеше сағаттан кейін Дербент маңындағы Сергоқала ауылында да атыс болған.

Мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дағыстандағы Сергокалин ауданы басшысы Магомед Омаровтың екі ұлы – Осман мен Әділ шабуылға қатысқан. "Интерфакс" сайты шабуылда Омаровтың жиені де болды деп жазды. Агенттіктің дереккөзі үшеуі де өлді деп хабарлады. Шабуылдан кейін ұсталған Магомед Омаровтан федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жауап алып жатыр.

24-26 маусым күндері Дағыстанда Махачқала мен Дербентте қаза тапқандарды аза тұтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG