Accessibility links

Январцево бекеті, БҚО: Жайықтағы су деңгейі қауіпті шамадан төмен


Арнасынан асқан Шаған өзені. Батыс Қазақстан облысы, Орал, 1 сәуір, 2024 жыл.
Арнасынан асқан Шаған өзені. Батыс Қазақстан облысы, Орал, 1 сәуір, 2024 жыл.

Батыс Қазақстан облысы Январцево ауылындағы гидрологиялық бақылау бекетінде Жайық өзеніндегі су деңгейі 802 сантиметр болғанын көрсетіп тұр. Осы көрсеткіш 1250 сантиметрге жеткен жағдайда жағдай қауіпті деп есептеледі.

Облыс орталығы Орал қаласындағы бақылау бекетінде өзен деңгейі 737 см екенін көрсетіп тұр (қауіпті деңгей – 850 см). 12 сәуірде Астана уақытымен сағат 16.00-де гидрологиялық бюллетень жариялаған мәліметте осылай деп жазылған. Бұл дерекке сүйенсек, Жайық өзенінде кейінгі төрт сағатта әлгінде аталған бекеттерде су деңгейі бір сантиметр көтерілген.

Батыс Қазақстан облысындағы тасқын жөнінде ресми ақпарат пен маңызды жаңалықтар жариялайтын BATYS TODAY telegram-арнасы Ресейдің Орынбор қаласында Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, 11,47 метрге жетті деп хабарлады. Бұл – 12 сәуірдегі сағат 15.00 кезіндегі мәлімет.

9 сәуірде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев аймақта тасқынға байланысты қиын жағдай қалыптасқанын айтқан. Ол кезде Орал қаласы аумағында Жайық өзені деңгейі жеті метрге жетіп, үсті-үстіне келген судан тағы да артып, қауіпті шекті шамаға жақындай түскен еді.

Өңірде Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 94 елді мекені мен Орал қаласындағы Жайық өзені бойында орналасқан аудандарға су қатер төндіріп тұр деп хабарлаған 9 сәуірде әкім Төреғалиев.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG