Accessibility links

Еуроодақ елдері Навальный қазасына байланысты санкция салуға келісті


Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың қазасына жауапты адамдар мен ұйымдарға қарсы санкция салуға келісті. Бұл туралы Еуропа одағы сыртқы саясатының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

30-ға жуық жеке және заңды тұлғаға шектеу қойылмақ, санкция тізіміне кім енетіні әзірге айтылмады.

Ақпанда Ұлыбритания алғаш болып оппозициялық саясаткер Алексей Навальный көз жұмған "Полярный волк" түрмесінің басшылығына санкция салған.

Бұған дейін 43 мемлекет Навальный қазасының жай-жапсарын анықтау үшін халықаралық тәуелсіз тергеу жүргізуді талап еткен еді.

  • Ресей билігі 16 ақпанда Навальныйдың көз жұмғанын хабарлады. Сараптама саясаткер "өз ажалынан қайтыс болған" деген қорытынды жасады. 14 ақпанда саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Навальныйды 27-рет айып изоляторына жібергенін мәлімдеген.
  • Оппозиционердің жақтастары саясаткерді өлтірді деп санайды. Навальныйдың жесірі Юлия Навальная күйеуінің ісін жалғастыратынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG