Шымкентте Көрме орталығында «Халық мұрасы» атты қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл шараға Оңтүстік Қазақстан облысының 40-қа жуық қолөнер шебері қатысты. Шымкент, 14 қазан 2016 жыл.
Швед академиясы Нобельдің әдебиет бойынша 2016 жылғы сыйлығын америкалық музыкант Боб Диланға беру туралы шешімін жариялады. Азаттық танымал әнші туралы фотогалерея ұсынады.
Ресей әскери ұшақтары қазанның 11-і күні Алеппоның оппозиция бақылауындағы тұрғын кварталдарына шабуылын қайта жалғастырды.
Өзбекстандағы Атақорған ауылында 1990 жылдарға дейін қазақтар тұрған. Кейін олардың көбі Қазақстанға көшіп, қазір бұл ауылда төрт қазақ отбасы ғана қалған.
Түркияның шығысындағы Ани деп аталатын көне қала ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.
2011 жылы дүниеден өткен драматург Вацлав Гавел Чехословакияда коммунистік жүйенің күйреуінде маңызды роль атқарды. Диссиденттен ел президенттігіне дейінгі күрделі жолды өткен саясаткердің туғанына биыл 80 жыл толды.
Азаттық 2 қазан - мұғалімдер күніне орай Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Азаттық тілшісі «Ресей алтын белдігіне» енетін қалаларға сапарында ондағы сақталған көне тарихи және мәдени ескерткіштер, дәстүрлі қолөнер үлгілерімен танысып қайтты.
Киевте Қырым татарларының Межлисін қолдау акциясы өтті. Ресей соты Қырым татарларының ұлттық құрылтайы қызметіне тыйым салған еді.
Қазақстанның Орталық музейінде «Объективте - Әділ сөз» атты фотокөрме өтті. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы өткізген көрмеге 90-ға жуық деректі және саяси фотография қойылды.
Киевті басып алған нацистік Германия әскері 1941 жылы 29-30 қыркүйекте қала маңындағы Бабий Яр сайында 33 мыңнан астам еврейді атып тастаған.
Тағы