2016 жылы шілдеде Түркияның шығысындағы Ани деп аталатын көне армян қаласы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектілері тізіміне енді. Осман империясы кезінде жаппай қуғын мен қырғын көріп, ол оқиғаны геноцид деп тануды сұрайтын армяндар "ЮНЕСКО-ның бұл шешімі тарихымыздың маңызды бір бөлігі Ани қаласын сақтап қалуға сеп болар" деп үміттенеді. Бірақ қаладан тысқары жердегі армян мәдениеті мұраларына жойылып кету қаупі төніп тұр.