Қазанның 11-і күні Ресей әскери әуе күштерінің ұшақтары Сирияда Алеппо қаласының президент Башар Асад режиміне қарсы көтерілісшілер бақылауындағы бөлігіндегі тұрғын кварталдарға шабуылды қайтадан жалғастырды. Соғыстан күйреп, күйзелген қаладан Азат Еуропа - Азаттық радиосы тілшісі түсірген суреттер.
Ресей әуе шабуылынан кейінгі Алеппо

1
Алеппоның Бустан әл-Каср кварталында Азаттық тілшісі түсірген сурет.

2
Ресейлік әскери ұшақтар қазанның 11-і кешке Алеппоның тұрғын кварталдарына әуе соққыларын жалғастырды. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметі бойынша, қазанның 12-іне қараған түні жасалған әуе шабуылынан Бустан әл-Каср ауданында қаза тапқан 25 бейбіт тұрғынның арасында балалар да бар.

3
Әуе шабуылы жасалған ауданда көшеде тұрған автокөлік.

4
Шабуылдан қираған тұрғын үйде жүрген құтқарушы.

5
Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегі бойынша, Башар Асад армиясы мен ресейлік әскери ұшақтар операциялары басталғалы (қыркүйектің 12-і күні) бері Алеппода оппозиция бақылауындағы аудандарда қаза тапқан 290-ға жуық адамның көпшілігі бейбіт тұрғындар.

6
Әртүрлі деректер бойынша, қазір Алеппода қалған адам саны 250 мың - 275 мың шамасында.

7
Ресейлік әскери ұшақтар шабуылынан кейін қираған нысанның орнында жұмыс істеп жатқан техника.

8
Бустан әл-Карс ауданы тұрғындары көшені әуе шабуылынан бүлінген ғимараттың қирандыларынан тазартып жатыр.

9
Алепподағы көтерілісшілер бақылауындағы ауданның ресейлік әскери ұшақтардың кезекті шабуылынан кейінгі көрінісі.